Четверг, 21.11.2024

ТАПШЫЛЫҚТЫҢ АЛДЫН АЛУДЫҢ БАСЫТЫ АМАЛЫ

Мемлекет басшысының халыққа Жолдауын бір деммен тыңдадық. Ондағы атом электр станциясы салуға қатысты пікір бөлерімізді бей-жай қалдырған жоқ. Осы мәселе туралы қоғамда алуан түрлі ой бар, дегенмен халықтың дені жағдайдың жақсы екенін, бейбіт атомды ең тиімді пайдалануға қарсы емес екенін білді. Мұны қоғамның бел ортасында жүрген соң айтып отырмын.

Көп ұзамай елде энергия тапшылығы орын алатынына бәрі де келіседі. Өйткені біздегі электр энергиясының 70%-ы көмір станцияларынан алынады. Олардан шығатын зиянды заттар ел экономикасына да, экологияға да теріс әсерін тигізеді. Осы саладағы бәсекеге қабілеттілікті арттыру және экологияны қорғау тұрғысынан әрбір өндірістік станцияны жаңартудың мәні зор.

Атом электр станцияларының жұмыс істеген 70 жылдық тәжірибесі мен үздік халықаралық үлгілері, атом электр станцияларының қауіпсіздігін толықтай қамтамасыз ететін жүйелер, сонымен қатар экологияға тигізер оң әсері мұндай станциялардың заман талабы екендігін айғақтайды.

 

Бану НҰРҒАЗИЕВА,

Қазақстанның атом энергиясы қауымдастығының президенті.

О Редактор Шарайна

Проверьте Также

Құқық бұзушылыққа жол жоқ!

Құқық бұзушылықтың алдын алу қоғамның қауіпсіздігі мен тұрақтылығын қамтамасыз етуде маңызды рөл атқарады. Бұл үшін …

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *