Пятница, 27.12.2024

Халық мүддесіне бағытталған

«Әділетті Қазақстанның экономикалық бағдары» атты Жолдауында мемлекет басшысы әлеуметтік-экономикалық бағыттарды қамтыған бірнеше өзекті мәселелерді шешу қажеттігін баса айтты. Президент ел дамуының жаңа міндеттерін айқындап берді. Жолдау халқымыздың әлеуметтік-экономикалық жағдайын, шетелдік инвесторлардың жауапкершілігін арттыруға, адам өмірінің қауіпсіздігін қорғауға, қоғамдағы түйіткілді мәселелерді дер кезінде шешуге, халық мүддесіне бағытталған.

Осы Жолдау аясында оң өзгерістер орын алып жатқан да мәлім. Мұғалімдер мен дәрігерлердің жалақысы өсуі, орташа еңбекақының көбеюі, зейнетақының бір бөлігін пайдалануға беру, «Жайлы мектеп» аясында білім ордаларын салу, ауылдық жерлерде медициналық орталықтардың ашылуы, «Ұлттық қор – балаларға» жобасының іске асуы осының айқын дәлелі.

Мемлекет басшысы кәмелетке толмағандарға жасалған зорлық-зомбылықтың кез-келген түріне қатысты жазаны күшейтуді талап етті. Бұл өз кезегінде жас ұрпақтың болашағын ойлау деп білемін. Бүгінгі жас ұрпақ – ертеңгі елдің болашағы.

«Атом электр станциясын салу еліміздің болашағына қатысты аса маңызды мәселе. Сондықтан оны жалпыұлттық референдум арқылы шешкен жөн деп санаймын», – деді мемлекет басшысы. Референдум – азаматтық қоғамның беделі мен халыққа деген сенімнің көрсеткіші. Бұл өз кезегінде «Халық үніне құлақ асатын мемлекет»  тұжырымдамасының форматы.

Мемлекет басшысы халықтың көкейінде жүрген мәселелерді көтеріп, оларды шешу бойынша нақты тапсырмалар берді. Әділетті Қазақстан жолында баршаңызды бір болып, ел игілігі үшін жұмыс жасауға шақырамын.

 

М.Джумабекова,

Дін сұрақтары бойынша ақпараттық

және кеңеċ беру

орталығы директорының орынбасары

О Редактор Шарайна

Проверьте Также

Отпразднуйте Всемирный день пахлавы с восхитительной турецкой классикой

Пахлава, всемирно известный десерт щербет, несомненно, является одним из самых замечательных деликатесов турецкой кухни. Пахлава …

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *