Суббота, 23.11.2024

«Сапалы өнім» қоғамдық қозғалысы тұжырымдамасын іске асыру мақсатында атқарылған жұмыстар

Мемлекетіміздің Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың 2023 жылғы 1 қыркүйектегі «Әділ Қазақстанның экономикалық бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру жөніндегі Жалпыұлттық іс-шаралар жоспарының 7-тармағына сәйкес Үкіметке, Қазақстан Республикасының бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігіне және «Атамекен» Ұлттық Кәсіпкерлер палатасына ішкі нарықты және отандық өндірушілерді қорғауға бағытталған сауда саясатында реттеуші шараларды әзірлеу тапсырылды.

Осыған сәйкес қазіргі таңда тұтынушыларды қауіпсіз тауарлармен қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігімен «Сапалы өнім» қоғамдық қозғалысы іске қосылды.

Жобаның міндеттері:

Тұтынушылардың құқықтарын қорғау жөніндегі үкіметтік емес секторды, жергілікті атқарушы және өкілді органдардың, сондай-ақ кәсіпкерлік қоғамдастықтың өкілдерін ішкі нарықта отандық өндірушілер мен тұтынушыларды қауіпті және сапасыз өнімдерден қорғауды қамтамасыз ету жөніндегі жалпыұлттық мүдделерді іске асыруға, сондай-ақ парасатты бәсекелестікті дамыту үшін жағдайлар жасауға тарту.

Қазіргі таңда «Сапалы өнім» қоғамдық қозғалысын іске асыру барысында жүйелі жұмыстар атқарылуда. «Тұтынушылардың құқықтарын қорғау» қоғамдық бірлестіктің өкілдері «Сапалы өнім» тұжырымдамасының аясында сапасыз және қауіпті тамақ өнімдерін анықтау мақсатында облыс аумағында тұрақты түрде мониторинг жүргізіп отырады.

Қоғамдық бірлестікпен Қазақстан Республикасының Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы заңының 41-бабына сәйкес дүкендерге мониторинг жүргізіліп, жарамдылық мерзімі өткен, қазақша таңбалау жоқ және құрамы техникалық регламенттерге сай келмейтін, яғни тиісті емес сападағы тауарлар анықталып, отандық өндірушілерді қолдау және тұтынушыларды қорғау мақсатында тисті жұмыстар атқарылуда.

Өнімдерге сәйкес бұзушылықтар Ұлттық сараптама орталығымен расталған жағдайда, Ұлытау облысы бойынша Сауда және тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаменті тарапынан Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы заңының 6-2-бабына сәйкес сауда субъектілеріне бұзушылықты жою туралы және заң бұзушылық анықталған тауарларды дүкен сөрелерінен сатылымнан алып тастау жөнінде нұсқама табысталып, тұтынушыларға тиісті сападағы тауарларды ұсыну жөнінде бірқатар қызметтер іске асырылуда.

Атап айтқанда 2024 жылдың қаңтар айынан техникалық регламеттерге сай келмейтін 35 тауар анықталды. Анықталған тауарлар бойынша тұтынушылардың арызы Ұлытау облысы Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментіне жолданып, департамент өз құзыреттілігі шегінде 25 өнім дүкен сөрелерінен алынып, кәсіпкерлерге Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 425-бабы 1-бөлігіне сәйкес 5 667 220 теңге көлемінде айыппұл салынды.

Анықталған өнімдерді аумақтық Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау органдары Техникалық реттеу және метрология Комитетінің Ұлытау облысы бойынша департаментіне жолдап, Техникалық реттеу және метрология Комитеті арқылы 3 тауардың декларациясы уақытша тоқтатылды. Сонымен қатар 2 өнімге қазіргі таңда тексеру жұмыстары жүргізілуде.

Оның ішінде 9 өнім Санитариялық эпедемиологиялық бақылау комитетімен бекітілетін Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілердің талаптарына сәйкес келмейтін өнімдер тізіліміне енгізуге тиісті жұмыстар атқарылуда.

Бұл жұмыстар алда өз жалғасын таба береді. Біздің мақсатымыз ішкі сауда саласында тұтынушыларды қорғау, отандық өндірушілерді қолдау және Жаңа Қазақстан құру бағытында айқын бастамалармен ел сенімін ақтау.

 

Ж.А. Ахметов,

департамент басшысы                                                     

О Редактор Шарайна

Проверьте Также

Құқық бұзушылыққа жол жоқ!

Құқық бұзушылықтың алдын алу қоғамның қауіпсіздігі мен тұрақтылығын қамтамасыз етуде маңызды рөл атқарады. Бұл үшін …

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *