Воскресенье, 19.05.2024

Ұлытау облысында 18 миллион түп ағаш отырғызу жоспарлануда

Ұлытау облысының Жаңаарқа ауданы Қараағаш орманшылығында 2025 жылға дейін 18 миллион түп ағаш отырғызу жоспарлануда. Бұл туралы облыс әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Биыл басталған ағаш егу жұмысы аясында Қараағаш шаруашылығында 1,7 милиион түп ағаш отырғызу көзделіп отыр.

Жалпы облыс тұрғындары «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясының «Жасыл аймақ» апталығына белсенді қатысуда. Облыстың қала, аудандарында еңбек ұжымдары, қоғамдық ұйымдар мен діни бірлестіктер өкілдері жаппай ағаш отырғызуда. 24 сәуірде акция аясында Жезқазған қаласының жастары «Наурыз» саябағына 100 түп терек отырғызды.

Облыс орталығында өткен акцияның мақсаты – қала тұрғындарын қаланы таза ұстауға, жастарды еңбекке жұмылдыру арқылы, қаланы таза әрі жасыл қалаға айналдыруға шақыру.

«Қаламыздың көгалданып, абаттануы үшін өткізіліп жатқан акцияға тұрғындарды белсенді атсалысуға шақырамын. Сонымен қатар ағаштарды сындырмауға, күтіп-баптауға, қолдарыңыздан келгенше үйлеріңіздің алдына ағаш отырғызып, оларды суарып тұруға кеңес беремін!» дейді Ұлттық волонтерлар желісі Ұлытау облыстық филиалының жетекшісі Дарын Төлеубай.

Акцияға облыстың Жаңаарқа ауданы да белсенді қатысып, онда бүгін 200 түп ағаш отырғызылды.

Атап өтейік, 27 сәуірде өтетін сенбілікте облыс орталығында тағы 9 мың түп ағаш отырғызу жоспарлануда.

 

О Редактор Шарайна

Проверьте Также

Пилотный национальный проект в области образования «Комфортная школа» успешно реализуется в области Ұлытау

Для ознакомления с ходом строительных работ будущий объект образования посетили представители Региональной Палаты Предпринимателей области …

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *