Пятница, 22.11.2024

Жолдау – дамудың жаңаша жолы

Еліміздің экономикасының, халықтың әл-ауқатын жоғары деңгейге көтерудегі басты құжат болып табылатын жолдаудағы тың бастамаларды қолға алуды жоспарлапты Президентіміз. Біздің өлке кен өндіруде, оны байытып, қорытуда әлемде алғашқы қатарда екені мәлім. Кен өндірудегі экологиялық апаттарды алдын-алуда денсаулық сақтау жүйесін жақсарту үшін батыл шешімдер қажет екені айтылды. Өндірісте жұмысшылардың мертігуі және қаза табуы көбейіп бара жатқанын алға тартып. Ірі кәсіпорындарда 5 жылда бір рет технологиялық және экологиялық аудит жасауды қатаң тапсырды, адам өмірі мен денсаулығы ең маңызды фактор екенін тағы да айтып кетті. Әлемді толғандырып отырған үлкен мәселе ол – су тапшылығы, біздің елде қуаңшылықтан зардап шегіп отырған шаруашылықтар көбейе түсуде, Жамбыл, Түркістан, Қызылорда облыстарында егіні, жеміс бақшалары су жетіспеуіне орасан зор шығынға батуда, бұл тығырықтан шығудың амалы тікелей осы шаруамен айналысатын Су ресурстары және ирригация министрлігін құрды. Су мәселесі менің де көкейімде жүрген тұғын, жаңадан құрылған министрлік су кодексін дайындап жатыр, судың да сұрауы бар, демекші, мен Сәтбаев қалалық мәслихатында, Қоғамдық Кеңестің отырысында жаңбырдан кейінгі саңырауқұлақтай қаптап кеткен автокөлік жуу бекеттерінің бей-берекет суды қолдануы. Президентіміз Алматыға барған сапарында осы көлік жуатын бекеттерді қатты сынға алды. Әрине, азық-түліктің сапасын, оның бағасын бір қалыпты келтірудің де жолдарын айтып кетті. Солтүстік Қазақстан облысындағы 100-ден астам салынып жатқан сүт-тауар фермаларын тілге тиек етті.

Отанымыз – Қазақстанның өсіп-өркендеуіне бұл жолдау тың серпіліс беретіні айдан анық. Қазақ елінің іргесі сөгілмеуіне, шаңырағы шайқалмауына, босағасы берік болуына әр Азамат өз үлесін қосады деген сенімдемін, сол үшін адал да аянбай еңбек етуге шақырамын Қазақ елін!

 

Абулаис Мулаков,

Сәтбаев қалалық мәслихатының депутаты

О Редактор Шарайна

Проверьте Также

Атом энергетикасы

Президент Тоқаев өз жолдауында Қазақстанның экономикасы мен энергетикалық қауіпсіздігін нығайту үшін атом энергетикасының мүмкіндіктерін қарастыру …

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *