Суббота, 23.11.2024

Саяси реформа:әділдік, ашықтық, жариялылық

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен еліміздің әлеуметтік-экономикалық даму мәселелері жөнінде кеңейтілген кеңес өткенін бәріміз білеміз. Қазақстан халқының өмір сүру деңгейі мен əл-ауқатын жақсарту жəне дұрыс басқарушы таңдау, еңбекке адалдық пен əділдік принциптерін сақтау, экономикалық бағдарды айқындау бойынша Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлының саяси реформасы қоғамның алға жылжуына көп өзгерістер əкелуде. Реформалар өз кезегінде жүйелі əрі кешенді түрде іске асып келеді. «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасы аясында билік пен халық арасындағы қатынастың жақсаруы, ықпалды Парламент пен есеп беретін Үкіметтің бағытына басымдық беріле бастағанының айғағы.

Мемлекет басшысы ел басқару ісіне халықты көбірек тартуды қарастырып отыр. Алдағы уақытта Президент түрлі ұлттық жобалар мен стратегиялық құжатты талқылауға үкіметтік емес ұйымдар мен бұқаралық ақпарат құралдарын кеңінен араластыруға тікелей жол ашуды көздейді. Мұның өзі билік пен халық арасындағы алтын көпірдің іргетасын одан әрі нығайта түспек. Сонымен қатар жергілікті өзін-өзі басқаруды күшейту мен әкімдерді таңдау, жаңа партияларға жол ашу, адам құқықтарының қорғалуын жетілдіру секілді нақты қадамдар іске аспақшы. Осының бәрі – Қазақстанның болашаққа нық қадам жасауы үшін маңызды шешімдер.

Елімізде саяси реформаларды тезірек іске асырмайынша ауқымды экономикалық даму да, азаматтық қоғам қалыптастыру да, ең аяғы тәуелсіздігімізді сақтау да мүмкін емес.

Айгул Утарова,

16 ЖББМ мұғалімі

О Редактор Шарайна

Проверьте Также

Бұл жолдаудан күтеріміз көп

«Қазіргі ең басты міндет – еліміздің мықты өнеркәсіптік негізін қалыптастыру және экономикамыз өзімізді толық қамтамасыз …

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *