Пятница, 22.11.2024

100 ЖЫЛДЫҚ МЕРЕЙТОЙҒА АРНАЛҒАН КӨРМЕ – OPENWORK

Түрік суретшісі Мелек Зейнеп Булуттың «OpenWork» атты орындаушылық және эксперименттік кеңістіктік инсталляциясы Республиканың 100 жылдығын мерекелеу шеңберінде Стамбұлдағы Ататүрік мәдени орталығында (AKM) көрмеге қойылды.

Түркияда алғаш рет ашылған «OpenWork» көрмесі Ататүрік мәдени орталығына Түркия Республикасы Мәдениет және туризм министрлігінің арнайы бастамасымен ұйымдстырылды. Бұған дейін аталған инсталляция Лондондағы Сомерсет Хаус ауласында көрсетілген еді. Сонымен қатар 2023 жылдың маусымында Лондон дизайн биенналесінде 47 елдің 22 университетінен келген материалдардан таңдалған қоғамдық сыйлықты жеңіп алды. Сонымен қатар, инсталляция Лондон дизайн фестивалінің 20 жылдығына арналған арнайы іріктеуге енгізіліп, Темза жағалауындағы «Лондон көкжиегінде» көрмеге қойылды. «Openwork» сонымен қатар «Лондон дизайн фестивалі-2023» Қызыл кітабында «Соңғы 20 жылдағы ең ықпалды жұмыстар» қатарына енді. Санаттың қазылар алқасының құрамына бірнеше танымал адамдар мен ұйымдар кіреді, соның ішінде Лондон мэрі мен Виктория мен Альберт мұражайы да бар.
Мелек Зейнеп Булут абстрактілі және нақты тәжірибеге, сондай-ақ мүсіндік кеңістік пен кеңістіктік-инстинктивтік тәжірибені талдауға бағытталған сәулет, мүсін, психология және мінез-құлық ғылымдарын синтездейтін туындылар жасайды. Шығармаларын қоғамдық кеңістікте байланыс пен көріністі қалыптастыру объектісі ретінде орналастыру арқылы суретші өз шығармаларында физикалық және психологиялық өлшемдегі визуалды қабылдауды қамтиды.

О Редактор Шарайна

Проверьте Также

Құқық бұзушылыққа жол жоқ!

Құқық бұзушылықтың алдын алу қоғамның қауіпсіздігі мен тұрақтылығын қамтамасыз етуде маңызды рөл атқарады. Бұл үшін …

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *