Четверг, 17.04.2025
Слушай на zhanafm.kz ! Жаңа FM
PERSONEL ÇEKİMLERİ

“АЛТЫН МҮЙІЗДЕГІ” “МОДЕРН СТАМБҰЛ”

Халич, Алтын Мүйізді қоршап тұрған аймақ, құдіретті Босфор бұғазының шығанағы және Тарихи түбектің бір бөлігі Стамбулдың ең әдемі бағыттарының бірі саналады. Босфор бұғазының кіреберісіндегі Алтын мүйіз Күн батқан кезде алтын түске боялатындықтан, “Алтын мүйіз” делінген. Бұғаз кезінде Османлы мен Шығыс Рим империяларының сауда*саттық байланыстар қайнаған портқа айналған. Бүгінде бұл аймақта Стамбұлдың мың жылдан астам тарихының ізі бар мешіттер, шіркеулер, синагогалар және тарихи мектептер – көпмәдениетті жүйенің дәлелі әрі туристердің ең сүйікті мекені саналады.

Трансформацияланған тарихи индустриялық аудандар мен осы кеңістіктерде өткізілетін халықаралық іс-шаралар аймақтың тарихи маңызын заманауи және көркемдік рухпен сусындатады. Алтын мүйіздің жағасындағы 600 жылдық кеме жөндеу зауыттарының ғимараттарының өзгеруімен бұл аймақ қаланың жаңа мәдени орталығына айналды. Дәл осы ауданда Стамбұлдың әлемге танымал «Модерн Стамбұл» шарасы өтеді. Жергілікті және халықаралық галереялар, өнер институттары, бірегей бастамалар мен өзіндік қолтаңбаға ие суретшілерді біріктіретін шара 28 қыркүйек пен 1 ​​қазан аралығында ұйымдастырылады.

О Редактор Шарайна

Проверьте Также

Ұлытау облысында Ұлы Жеңістің 80 жылдығына орай 200-ден аса іс-шара өтуде

2025 жылы еліміз Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдығын атап өтуде. Бұл — тарихымызға тағзым, …

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *