Суббота, 23.11.2024

Шетелдік журналистер Астанада

Қазан айының басында Астана қаласына Түркиядан Анталья журналистер одағының төрағасы Идрис Таш бастаған арнайы делегация келді. Түркітілдес журналистер қорының өкілдері шетелдік меймандарды әуежайдан күтіп алды. Жоба аясында ресми кездесулер, Астанаға қаласында пресс-тур, экскурсия ұйымдастырылды.

Түркітілдес журналистер қоры мен Дүниежүзілік шетелдік баспасөз ассоциациясы (World Foreign Press Association — WFPA) «Шеврон» компаниясының серіктесуімен Ұлттық академиялық кітапханада БАҚ өкілдері бас қосып, «Әлеуметтік журналистика: БАҚ-тағы әлеуметтік мәселелер» тақырыбына семинар-тренинг өткізді. Делегация құрамында «ТРТ» телеарнасының Антальядағы филиалының басшысы Мухаммед Ахмет Өджал, «Аkdeniz manşet» және «Іleri» газеттерінің қожайыны Мехмет Шифа Чичек, «ТРТ» телеарнасының продюсері  Хайреддин Дениз, «Анадолы агенттігі» тілшісі Сүлейман Эльчин, «Hürses» газетінің қожайыны Эрсин Айдын, «Кemer sözcü» газетінің қожайыны Ахмет Дуран Йенигүн,  Акдениз университетінің журналистика факультеті деканының орынбасары Ышык Түнчел бар. Қор жанынан құрылған медиа тренерлер мектебінің мүшесі, Түркиядағы Акдениз университеті журналистика факультетінің аға оқытушысы Ышыл Түнчел «Дата журналистика» туралы тәжірибесімен бөлісті. Медиа тренерлер мектебінің мүшесі, кәсіби журналист, IT саласының маманы Мейіржан Әуелханұлы «Журналистикадағы жасанды интеллект» тақырыбында тренинг өткізді. Жасанды интеллект арқылы қалай контент жасап үйренуді тәжірибе жүзінде көрсетті.

Анталья журналистер одағы делегациясы іскерлік сапар барысында Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігіне қарасты «Отандастар қоры»,  «Қазақстан» РТРК» АҚ-да  арнайы кездесу ұйымдастырып, отандық телеарналардың жұмысымен танысты. ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметіне арнайы барып, Түркия TRT телеарнасының Қазақстандағы филиалының жұмысымен танысты. Бірнеше күнге жалғасқан сапар аясында шетелдік меймандар Еуразия Ұлттық университетінің журналистика факультетінің студенттерімен кездесті.

О Редактор Шарайна

Проверьте Также

Подростковые суициды: причины и способы профилактики

По республиканской статистике суицидов среди несовершеннолетних, область Улытау далеко не в лидерах. В 2022 году …

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *