Суббота, 23.11.2024

«Ел дамуындағы саяси реформалар»

Мемлекет басшысы халыққа арнаған Жолдауында Парламенттің рөлін күшейту міндетін қойған болатын. Ол «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын табысты жүзеге асыруға жол ашты. Елімізде барлық азаматтарға бірдей мүмкіндік беріліп, саяси бәсеке артып келеді. Қоғамның әлеуметтік-саяси және экономикалық дамуын демократияландыру үрдісінде, мемлекеттік ұлттық мекемелер мен қатар, жетекші рөл азаматтық қоғам институттарына тиесілі.
2022 жылғы 16 наурыздағы Жолдауында Президент партияның мемлекеттік аппаратқа кірігуіне мүлдем жол бермеген жөн болатынын, саясаттағы монополия түрлі әлеуметтік кеселді туындататыны және мемлекетті дағдарысқа ұшырататыны анық екенін, саяси үстемдікке барынша шектеу қою қажеттігін мәлімдеген еді. Бұл бастамалар – мемлекеттіліктің институционалдық тірегі саналатын партиялық жүйені дамытуды жандандырып, жаңа саяси ұйымдардың пайда болды. Саяси бәсекені арттырып, барлық партияның дамуына бірдей жағдай жасады.
2019 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін Қазақстанда саяси реформалардың жаңа кезеңі басталды. ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің жұмысы аясында бастамашылық еткен саяси реформалардың 4 пакеті партиялық-саяси жүйені либерализациялау процесін жалғастырды.
Мемлекет басшысы ұсынған сайлау арқылы саяси бәсекелестікті дамыту, көп партиялы жүйені қалыптастыру, сайлау үдерісін жандандыру, жергілікті өзін-өзі басқаруды орталықсыздандыру – саяси жаңғырудың басты тетігі әрі өзегі. Конститутцияға былтырғы енгізілген өзгерістерге сай Президент бір рет қана жеті жылға сайлана алады. Бұл бастамалардың барлығы Президенттің саяси жаңашылдықтарды енгізуге және өзгерістерді жалғастыруға, саяси жүйенің ашықтығын қамтамасыз етуге және пікір алуандығын дамытуға бағытталған стратегиялық бағдарының мығым екендігін айғақтайды.
Ұлттық идеяны жүзеге асыру үшін жаһандық және ішкі қайшылықтардан туындаған жаңа қатерлер бағытын дер кезінде болжамдай алатын, ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін дер кезінде тиісті шаралар қолданатын, өз халқын ұлттық татулық негізінде жұмылдыра білуге қабілетті «Халықтың үніне құлақ асатын» күшті мемлекет қажет.
Мемлекет басшысы елдегі жағдайға талдау жасау арқылы саяси реформаларды жүзеге асыруда табысты қадамдар жасап отыр. Атап айтқанда, оларды «Халық пен билік арасында үйлесімді консенсусты орнатуға және билік органдарының ел сеніміне ие болуын қамтамасыз етуге бағытталған стратегияларын, қаңтар оқиғасынан кейін елдің тұрақтылығын, мызғымастығын сақтап қалуын және ішкі қауіпсіздікті қамтамасыз етуін, саяси жаңғыру арқылы экономикалық реформаларды жүргізуге арналған саясат және «Әділетті Қазақстанды» құру бағытына жаңа серпін беретін қадамдар ретінде бағалаймыз. Дәйектілік, сабақтастық, орындылық сипаттарға ие Президенттің ұзақ мерзімге бағытталған стратегиялары жыл сайынғы халыққа Жолдауларында айқын көрініс тауып отыр.

Облыстық мәслихат депутаты Жәнібек Сайлаубекұлы Рыспеков

О Редактор Шарайна

Проверьте Также

Бұл жолдаудан күтеріміз көп

«Қазіргі ең басты міндет – еліміздің мықты өнеркәсіптік негізін қалыптастыру және экономикамыз өзімізді толық қамтамасыз …

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *