Воскресенье, 15.09.2024

28 адамды тақырға отырғызды отырғызды

Сәтбаев қалалық сотында С.Исабаевтың төрағалық етуімен айыпталушы А.А, Г.Ж, А.Кға қатысты іс қаралды.

 Қылмыстық топ құрған

Г.Ж. өзінің туған сіңілісімен бірігіп ҚР Үкіметінен кәсіпкерлерлерді қолдау бағдарламасы бойынша кәсіп бастау үшін бизнес жоспар арқылы әртүрлі суммада субсиядия алып береміз, «Казақмыс» Корпорациясына жұмысқа тұрғызамыз деп елді алдаған. Яғни, бөтеннің мүлкін теріс пайдалану жолымен жымқыруға бағытталған қылмыстық құқық бұзған. Бұл жолға құрбысын да тартқан. Сіңілісі мен құрбысы арам пиғылын іске асыру барысында адамдар тауып, олардың сеніміне кіріп, алдаған. Осылайша әр адамнан иемденген ақшаны үшеуі бөліске салып, өздерінің жеке мақсаттарына жұмсаған. Қылмыстық топ 2021 жылдан бастап осы уақытқа дейін біршама адамнан ақшалай қаражат алған. Және қылмыстық құқық бұзушылық әрекетін ары қарай жалғастырған.

2021 жылы А.Д. жолдасы К.Б. жұмыс орнымен қамтылған зейнетақы қорына жиналған ақшаны шешкісі келіп, көмек беретін адам іздей бастаған. Сол уақытта ол өзінің таныстары арқылы Г.Ж. хабарласады. Әрі қарай, Г.Ж. А.Д-ның сеніміне кіріп, оны алдау жолымен зейнетақы қорынан ақша шешіп бере алатындығы жайлы айтқан. Г.Ж. қылмыстық пиғылын жоспарға сәйкес жүзеге асыра отырып зейнетақы қорынан ақша шешіп беруі үшін оған 300 000 теңге ақшалай қаражат керектігін айтқан. Жезқазған қаласы Сейфуллина 65 орналасқан «Траст» дүкенінің ішінде А.Д-дан 300 000 теңгені алады. Және екі сыбайласымен бөліседі. Сол күні А.Д. кездесіп, тағы да ақша керектігін айтқан. Әрі қарай Б.Момышұлы көшесі 9 мекенжайында орналасқан Халыққа қызмет көрсету орталығының алдында кездесіп, қолма-қол 100 000 теңге ақша алған. 50 000 теңгені Каспий шотына аудартқан. Алайда алаяқтар зейнетақы қорынан ақша шешіп бермеді және оның аталған мәселені шешуге қандай да бір құзыреті болмаған. Осылайша жәбірленуші А.Д-ға 450 000 теңге көлемінде мүліктік залал келтірген.

2022 жылдың қаңтар айында Б.А. шаруа қожалығын ашу үшін мемлекеттен субсидия алғысы келіп хабарласады. Ұялы телефон арқылы сөйлесу барысында бизнес жоспар арқылы мемлекеттен 35 000 000 теңге көлемінде ақша алып бере алатындығы жайлы айтқан. Ақша алу үшін оған 1 100 000 теңге қажеттігін жеткізеді. Содан, Жезқазған қаласы 44 ғимараты Сейфуллина көшесіндегі «Дариға» сауда үйінің ішінде 600 000 теңгені алып, өзара бөлген. Содан, қайта хабарласып, тағы 500 000 теңге сұраған. Сол күні, жәбірленуші 500 000 теңге аударым жасаған. Осылайша қос құрбы жәбірленуші Б.Аға 1 100 000 теңге көлемінде мүліктік залал келтірген. Сонымен қатар, 2022 жылдың қаңтар айында А.А. тігін цех кәсібін ашқысы келгеннен соң таныстары арқылы несие алып беретін адам іздей бастаған. Сол уақытта ол өзінің танысы А.Ж-ға хабарласқан болатын. Әрі қарай, А.Ж. А.А-ны алдап, мемлекеттен субсидия арқылы оған 20 000 000 көлемінде қаражат алып бере алатындығын жеткізген. Ақшалай қаражат алу үшін оған 600 000 теңге керек дейді. Осылайша үш алаяқ А.А-ны тақырға отырғызып, 1 100 000 теңгесін қолды қылған.

2022 жылы П.С. өзіне тиесілі дүкенінің айналымын көбейту үшін, «Бизнес-жоспар» жасайтын таныс іздей бастаған. Сол уақытта тағы да осы үш алаяқтың қармағына түсіп, 1 670 000 теңгесінен айрылған.

Сонымен қатар, 2022 жылдың қазан айында М.К. бизнес жоспар жасайтын таныс іздеп нәтижесінде 1 400 000 теңге шығынға батқан. 2022 жылдың мамыр айында У.М. осылардың кебін киіп, 300 000 теңгесінен айрылған. 2022 жылдың қараша айында К.Тда алданып, 800 000 теңге берген.

Әбден құныққан алаяқтар жалпы 28 адамды тақырға отырғызған.

Айыбын мойындады Сот мәжілісінде сотталушылар А.А, А.Ж, Г.К кінәсын толығымен мойындап, іс бойынша жиналып, зерттелген материалдармен, жәбірленушілердің талап-арыздарымен толық келісті. 28 жәбірленуші келтірген материалдық залалдың орнын толтырған жағдайда кешіретінін, болмаған жағдайда заң жүзінде қатаң жаза қолдануды сұрады. Қылмыстық әрекеттер ҚКнің 11-бабы 4-бөлігіне сәйкес ауыр қылмыстар санатына жатады.

ҮКІМ ҚР ҚПК-нің 382, 387-390, 393, 395-398, 401,402 баптарын басшылыққа алып, сот ҚК-нің 190-бабы 3-бөлігі 4-тармағында көзделген қылмыстық құқық бұзушылық жасағаны үшін сотталушыларды кінәлі деп таныды. Айыпталушы А.А. 4 /төрт/ жыл, Г.Ж. түпкілікті 6 (алты), А.К. 4 /төрт/ жыл 8 /сегіз/ ай мерзімге бас бостандығынан айырылды. Олар енді жазасын қылмыстық атқару жүйесінің орташа қауіпсіз мекемелерінде өтейтін болады.

 

Мейрамгүл САЯЖАН.

 

О Редактор Шарайна

Проверьте Также

Жолдау — елдің өркендеуінің басты құжаты. Жолдау- жарқын болашақ жетекшісі

Әр жылғы жарияланатын Жолдауды асыға күтеміз. Себебі Жолдауда айтылған мәселелердің жүзеге асатыны анық. Биыл мемлекет …

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *