Среда, 9.04.2025
Слушай на zhanafm.kz ! Жаңа FM
Oplus_131072

Қаржы тақырыбындағы байқаудың жеңімпаздары анықталды

Алматы қаласында өткен «TURKTIME: ТҮРКІ ЕЛДЕРІНІҢ МЕДИА ЖӘНЕ ТУРИЗМ БІРЛІГІ» тақырыбындағы  IV Халықаралық Түркітілдес журналистер медиа форумы аясында елдегі жалғыз қаржы тақырыбына арналған байқаудың жүлдегерлерінің есімі анықталды. 

Айта кетейік, қордың мерейлі күнтізбесімен қатар келген іс-шараға Британия, Германия, Түркия, Әзірбайжан, Солтүстік Кипр секілді тағы бірнеше елден туризм және медиа саласының өкілдері, сондай-ақ еліміздің Мәдениет және ақпарат министрлігінің өкілдері, Парламент депутаттары, журналистика саласының тәжірибелі сарапшылары, республикамыздың атқарушы орган өкілдерінің баспасөз хатшылары, БАҚ өкілдері қатысты.

Сонымен дәстүрлі түрде жыл сайын өтетін «Түркітілдес журналистер қоры» Қоғамдық қоры ұйымдастыруымен және «Халық банк» АҚ демеушілігімен өткен журналистер арасындағы қос байқаудың үздік авторларының жүлдесін елімізге келген мәртебелі меймандар мен қазақ журналистикасының ардагерлері, елімізге танымал тұлғалар табыс етті.

Байқау қорытындысы бойынша “Еркін сөз”-2024 байқауының Бас жүлдесі “Үздік телесюжет” аталымын КТК арнасының тілшісі Ұлан Нұрахметке берілді.

 

О Редактор Шарайна

Проверьте Также

ЖАСАНДЫ ИНТЕЛЛЕКТКЕ АРНАЛҒАН МЕКТЕП

«Жасанды интеллект дәуірі: Баспа ісі, медиа және дизайн» – І Халықаралық көктемгі мектеп Әл-Фараби атындағы …

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *