Четверг, 28.03.2024

«Қазақмыс» корпорациясы Ұлытау өңірін дамытудың кешенді жоспары аясында проблемалық нысандардың құрылысын аяқтауда.

Ұлытау облысының әлеуметтік-экономикалық дамуының 2022-2026 жылдарға арналған кешенді жоспары аясында «Қазақмыс» компаниясы облыста балабақша, спорт кешендері және театр сияқты маңызды әлеуметтік нысандардың құрылысын жүргізуде.
Кешенді жоспар шеңберінде «Қазақмыс» инвестициясы есебінен Жезқазған, Сәтбаев қалаларында 320 орындық 2 балабақшаның құрылысы аяқталады, ал Жезқазғанда жаңа заманауи балабақша салынады.
Жезқазған қаласында облыстық театр ғимаратының және 320 орындық көпфункционалды спорт кешенінің, «СК Namys» Спорт академиясының құрылысы да компания есебінен жүзеге асырылатын болады.
Жезқазғандағы осы нысандардың кейбіріне күні кеше облыс әкімі Ұлытау Берік Әбдіғалиұлы және «Kazakhmys Smelting (Қазақмыс Смэлтинг)» ЖШС Бас директоры Нұрахмет Нұриев іс-сапармен келді.
Кешенді жоспар аясында салынуы тиіс нысандардың бірі-320 орындық дене шынықтыру-сауықтыру кешені. «Қазақмыс» аталған нысанды салуға 8 млрд теңге жұмсамақ. Құрылыс жұмыстары келесі жылдың көктемінде басталып, 2024 жылдың басында аяқталады.
— Қазір «Қазақмыс» корпорациясына жер телімін беру жұмыстары жүргізілуде. Әрі қарай кешеннің жаңа эскиздік жобасы үшін қолданыстағы бетон конструкциялары бөлшектеледі. Сондай-ақ, спорт кешенінің жер учаскесін кеңейту мәселесін пысықтап жатырмыз, — деп атап өтті «Kazakhmys Smelting (Қазақмыс Смэлтинг)» ЖШС Бас директоры Нұрахмет Нұриев.
Сондай-ақ, аралау барысында аяқталмаған 28 пәтерлік үй тексерілді. Облыс әкімдігі мен «Қазақмыс» корпорациясы арасындағы меморандум аясында бұл ғимаратты Корпорация қаражаты есебінен салу жоспарланған болатын. Бірақ техникалық сараптама барысында қалпына келтіруге жатпайтыны анықталды. Ғимараттың жағдайы құлау алдында деп бағаланады және физикалық тозу 80 пайызды құрайды.
Компания басшылығы аяқталмаған үйдің ғимаратын бұзу туралы шешім қабылдады және оның орнына жаңа үй салады.
Сондай-ақ Жезқазған қаласында 320 және 280 орындық аяқталмаған 2 балабақшаға барып қайтты. 320 орындық балабақша 2023 жылдың қыркүйегінде пайдалануға беріледі.
— Біз үшін бұл принципті міндет. Бүгінде балабақшаларға кезекте тұрғандар өте үлкен екенін білеміз. Бір жарым жыл ішінде біз Жезқазғанда 600 орындық екі балабақшаны пайдалануға беруді және кезекте тұрғандарды 45 пайызға қысқартуды жоспарлап отырмыз, — деді Нұрахмет Нұриев.
Сондай-ақ, 2023 жылы корпорация есебінен Жезқазған қаласындағы көпсалалы аурухана ауданында ауыз судың көтергіш сорғы станциясына күрделі жөндеу жүргізілетін болады. Бұл жобаға «Қазақмыс» 273 млн.теңге бөледі. Бұл қаланың бірнеше кварталын сумен қамтамасыз етудегі үзілістерді жоюға мүмкіндік береді.
Сонымен қатар, компания Сәтбаев қаласында емхана ғимаратын, орталық ауруханаға арналған травматикалық пункт, жаңа білім беру және жұмыспен қамту орталығын салады. Сондай-ақ,» Қазақмыс » Сәтбаев мектептерінің біріне STEM-зертхана, жедел жәрдем станциясына модульдік гараждар сыйға тартады.
Құжатқа сәйкес, компания жаңа техникалық университеттің ашылуына және облыс орталығында перинаталдық орталықтың құрылысына қатысады.
Жалпы облысты дамыту жөніндегі кешенді жоспар 126 іс-шарадан тұрады. Оның ішінде 28 ірі жобаны «Қазақмыс» компаниясы жүзеге асыруда.

О Редактор Шарайна

Проверьте Также

Обсудили вопрос питания в детсадах

На заседании отраслевого Совета услуг при РПП области Ұлытау с участием заместителя директора Палаты по …

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *