Четверг, 25.04.2024

«Жошы хан» тарихи-мәдени кешенінде Ұлытау облысының ақсақалдарымен кездесу өтті

Бүгін, 17 маусымда Ұлытау облысының әкімі Берік Әбдіғалиұлы аймағымыздың ақсақалдарымен кездесу өткізді. Облыс басшысының шақыруымен Ұлытау, Жаңаарқа аудандары мен Қаражал, Сәтбаев, Жезқазған қалаларының ақсақалдары облысымыздың қасиетті де көрікті жерінің бірі – Жошы хан тарихи-мәдени кешенінде кездесуге қатысты. Еліміздегі береке мен бірліктің бастауы, ақылдың кені саналатын қарияларымыздың еңбек жолы жас буынға үлгі-өнеге, ақыл-кеңесі бағалы. Кездесу барысында аймақ басшысы ардагерлерімізді жаңа облысымыздың ашылуымен құттықтап, қазыналы қарттарымыздың қоғамда үлкен беделге ие екендігін атап өтті.
— Ұлытау облысының құрылуы көптеген жерлестерімнің қуанышымен ұласып жатыр, аймақтың күрделі мәселелері шешіліп, жағдай түзеледі деген халықтың үміті зор. Кеше ғана осы жерде Мемлекет басшысының қатысуымен республикалық деңгейде Ұлттық Құрылтай өткізілді. Облысымыздағы ең алғашқы іс-шара абыройлы өтті. Ат салысқан барша жерлестеріме алғысымды айтамын. Мен де ең алғашқы кездесуімді ақсақалдармен бастап, баталарыңызды алып, өңірдің болашағы туралы жоспарларымды өздеріңізбен бөліскім келеді, — деді өңір басшысы.
Б.Әбдіғалиұлы қариялардың тарапынан көтерілетін мәселелерді зерделеп, облыс дамуының стратегиялық жоспарын құру кезінде оны ескеретінін жеткізді. Ақсақалдар өз кезегінде елді-мекендердегі коммуналдық сұрақтарды, ауыз суы жетіспеушілігі, жолдардың нашарлығы, экология, денсаулық сақтау салаларындағы сұрақтарды көтерді, инвестиция тарту жайлы ой пікірлерін білдірді.
Кездесу соңында облысымыздың құрметті ардагерлері облыс әкімінің жаңа қызметіне табыс, алдағы үлкен істеріне сәттілік тілеп, батасын берді.

 

О Редактор Шарайна

Проверьте Также

Обсудили вопрос питания в детсадах

На заседании отраслевого Совета услуг при РПП области Ұлытау с участием заместителя директора Палаты по …

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *