Четверг, 21.11.2024

ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ЖӘНЕ ЭНЕРГЕТИКАЛЫҚ МӘСЕЛЕЛЕРДІ ШЕШУ ЖОЛЫНДА

Жезқазған, Сәтбаев қалаларының және Ұлытау ауданының бір бөлігіндегі экологиялық ахуалды, қоршаған ортаны және халық денсаулығының жағдайын кешенді бағалау мақсатында «Экосервис-С» ЖШС жүргізіп жатқан ғылыми-зерттеу жұмыстары биыл аяқталуы тиіс. Соның нәтижесінде ҚР Үкіметіне қарастыру үшін жолданады. Бұл жайында бүгін Ұлытау облысының әкімі Берік Әбдіғалиұлы Экология мәселелері және табиғат пайдалану комитетінің көшпелі отырысында мәлімдеді.

Одан бөлек өңір басшысы ұзақ жылдан бері облыста қордаланып қалған бірқатар мәселені кезең-кезеңімен шешу мақсатында атқарылып жатқан жұмыстарды баяндады.

Жезқазған қаласын сапалы ауыз сумен қамту үшін қолға алынған «Үйтас Айдос» суағарын толықтай жаңарту ауқымды жұмыстарын биыл аяқтау көзделіп отыр, одан бөлек, облыс орталығындағы көнерген жылу желілерінің барлығы кезең-кезеңімен ауыстырылуда. Өңір басшысының айтуынша Ұлытау облысында қоқыс өңдейтін зауыт салу жоспары да күн тәртібіндегі өзекті мәселе.

«Ұлытау облысының экологиялық және энергетикалық проблемалары мен оларды шешу жолдары» тақырыбында өткен отырыста облыс әкімінің орынбасары Ұлантай Үсенов халық сұранысы бойынша Жезқазған, Сәтбаев қалаларының ауа құрамын бақылау мақсатында 2023 жылы 4 арнайы датчик қойылғанын жеткізді. Бұл өз кезегінде ауаға таралатын ластаушы заттардың шамадан тыс шыққан жағдайда, дер кезінде тиісті шара қолдану үшін қажет. Биыл тағы арнайы 4 датчик орнатылады.

Сонымен қатар жиында Қазақстан Республикасының Экология және табиғи ресурстар вице-министрі, Қазақстан Республикасының Энергетика вице-министрі, «Қазақмыс» корпорациясының Басқарма төрағасы өңірдің экологиялық және энергетикалық мәселелерін және оларды шешу жолында қолға алынатын жұмыстарды мәлім етті.

Өңірдегі жылу қазандықтары, су тасуы кезіндегі су құрамы, ауыз су, кәсіпорынды өлкедегі ауа сапасы, газдандыру және өзге де экологиялық мәселелерге қатысты алаңдаушылық тудырған сұрақтар жиынға арнайы қатысқан депутаттар мен қоғам белсенділері тарапынан жолданды. Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Экология мәселелері және табиғат пайдалану комитетінің төрағасы, модератор Еділ Жаңбыршин өз кезегінде көтерілген барлық мәселе аясында атқарылатын жұмыстардың бақылауда болатынын жеткізді.

 

                                 

 

                                

О Редактор Шарайна

Проверьте Также

Бұл жолдаудан күтеріміз көп

«Қазіргі ең басты міндет – еліміздің мықты өнеркәсіптік негізін қалыптастыру және экономикамыз өзімізді толық қамтамасыз …

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *