Суббота, 19.04.2025
Слушай на zhanafm.kz ! Жаңа FM

САМАРҚАНД: “АРАЛ МӘДЕНИ САММИТІ”

Өзбекстанның Самарқанд қаласында өтіп жатқан «Орталық Азия – Еуропалық Одақ» бірінші ресми саммиті шеңберінде мемлекет басшылары “Арал мәдени саммитінің” көрмесін бірге тамашалады. Көрмеде Арал экожүйесін қалпына келтіруге, өңірдің мәдени мұрасын сақтауға және тұрақты дамуға ықпал етуге бағытталған бірегей бастамалар ұсынылды.
Ұйымдастырушылар  көрнекі, сенсорлық және интерактивті элементтер арқылы Арал өңірінің табиғи және мәдени байлығымен таныстыруды көздеген.

Экспонаттар арасында архитектуралық-пейзаждық фотосуретке маманданған атақты фотограф Иван Баанның туындылары, Қарақалпақстандағы ең маңызды өсімдік саналатын қамыстардың гүл инсталляциясы, сондай-ақ Арал өңірінен сексеуіл тұқымы, бақалшақ, табиғи тұз, кептірілген гармала, дәстүрлі өрнекті киіз және т.б. сияқты заттардың үлгілері қойылған. Экологиялық проблемалар кері әсер еткен Арал өңірінің түйткілдері көрмеде айқын көрініс тапқан.

Нәзия Жоямергенқызы, Самарқанд, Өзбекстан.

О Редактор Шарайна

Проверьте Также

Жезқазған тұрғыны алаяқтардың құрбаны болды

Жезқазған қаласының 40 жастағы тұрғыны телефон арқылы жасалған алаяқтықтың құрбаны болып, 10 482 000 теңге …

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *