Ұлытау облысының прокуратурасы өңірде алаяқтықпен күресу шаралары жалғасып жатқанын хабарлайды.
Талдау көрсеткендей, алаяқтардың достары мен таныстарын алдайтын жағдайлары сирек емес.
Мысалы, а.ж. 25 қаңтарында Сәтбаев қаласының тұрғыны құрбысының алаяқтық әрекетінен зардап шеккені белгілі болды, соңғысы ұялы телефонға қол жеткізіп, құрбысына 3 онлайн-несие рәсімдеген.
Басқа жағдайда, Жезқазған қалалық сотының 2023 жылғы желтоқсандағы үкімімен таныстарын алдаған А.Қ.Бимендин алаяқтықтың 2 эпизодын жасағаны үшін сотталған. Бірінші жағдайда медициналық куәландыру нәтижелерін бұрмалау бойынша, екіншісінде әскери-дәрігерлік комиссиясын өткізу үшін
Құрметті облыс тұрғындары, сақ болыңыздар, өзіңізді алаяқтардан қорғаңыздар, жеке ақпаратыңызды бермеңіздер, проблемалық мәселелерді шешудің заңсыз жолдарына келіспеңіздер.
Тегиалаяқтық Жезқазған прокуратурасы Сәтбаев Ұлытау облысы
Проверьте Также
Құмарлықтан жапа шеккендер саны арта түсуде
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев ұлттық құрылтайдың үшінші отырысында лудомания мәселесіне тоқталды. Қауіпті кесел – лудомания, яғни, құмарпаздыққа …