Вторник, 3.12.2024

Мақсат қызмет сапасын жақсарту

2022 жылдың 16 наурызында мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жаңа Қазақстан: жаңару мен жаңғыру жолы» атты Қазақстан халқына кезекті Жолдауын жолдады. Жолдауда бұрынғы Жезқазған облысы аумағы Ұлытау облысы болып қайта құрылуына байланысты, Жезқазған қаласы облыс орталығы болды. Облыстың құрылғанына орай Ұлытау облысы бойынша Қазынашылық департаменті құрылды.

 

Жалпы, қазынашылық жүйесінің тарихы еліміздің тәуелсіздігімен тікелей байланысты. Себебі бұл жүйе еліміз тәуелсіздік алған жылдарда қалыптасты. Атап айтсақ, жүйе құру, жаңғыру, жаңа технологияларды енгізу кезеңдерінен өтіп, мемлекеттік қаржыны басқару жүйесінен лайықты орын алды. Қазынашылық жүйесінде бірінші бағдарламалық қамтамасыз ету БАСК-М қызметі 2003 жылы қазынашылықтың біріктірілген ақпараттық жүйесі деп аталатын «Oracle» платформасында мемлекеттік қаржыны басқару жөніндегі қазіргі қолданыстағы ақпараттық жүйеге жаңғыртылды. Бұл – бірегей әрі ТМД елдері арасында жоғары бағаға ие болған жүйе. Бұдан кейін қазынашылықтың ақпараттық жүйесіне «Қазынашылық – клиент» жүйесін енгізу қаржылық құжаттарды өңдеу сапасын арттыруға, мемлекеттік мекемелерде қағаз, уақыт және көлік шығындарын қысқартуға септігін тигізді. Мемлекеттік мекемелер өздерінің қаржылық құжаттарын қарап, өздігінен қажетті формаларды енгізе алатын болды. Қазынашылық жұмыс жасайтын ақпараттық жүйе мемлекеттік мекемелердегі барлық құжаттарды жұмыс барысында жинақы және сапалы өңдеуге, мекеме өкілдері мен жауапты мамандар арасындағы жемқорлық тәуекелдерін жоя отырып, барлық жұмыстардың ашықтығын қамтамасыз етеді.

Бүгінде Ұлытау  облысы бойынша қазынашылық департаменті мен облыстың 4 ауданындағы қазынашылық басқармаларының басты қызметі – мемлекеттік бюджеттің орындалуын, мемлекеттік мекемелердегі барлық қаржылық іс-әрекеттердің есепке алынуын қадағалау. «Бюджет қаражаты қайтарымды болуы керек. Мемлекет қаржыны оңды-солды  шашып, ысырап етуге жол бермейді» деп атап өтті мемлекет басшысы өзінің жолдауында. Қазынашылық – мемлекеттік қаржыны нақты басқарудың ақпараттық негізі, сондықтан ол барлық деңгейдегі бюджеттік іс-әрекеттердің орындалуын қатаң бақылайды.

Қазынашылық департаменті Ұлт жоспарын  жүзеге асыру мақсатында қала деңгейіндегі ауылдар, елді мекендер мен ауылдық округтерге жергілікті өзін-өзі басқарудың дербес бюджетін енгізді. Жергілікті өзін-өзі басқарудың IV деңгейлі дербес бюджетін енгізу екі кезеңнен тұрады. Атап айтсақ, бірінші кезең 2018 жжылдың 1 қаңтарынан бастап облыста халық саны екі мыңнан асқан елді мекендерде жүзеге асырылса, екінші кезең 2020 жылы жаппай барлық жерде енгізілді.

Қазіргі таңда құрылыс жұмыстары бойынша мемлекеттік сатып алуды реттеу мақсатында жұмыстар жүргізілуде. Сондай-ақ бюджеттік процестерді оңтайландыру бойынша бірқатар жұмыстар атқарылуда. Қазынашылық департаменті «e-Minfin» интеграцияланған автоматтандырылған ақпараттық жүйесі шеңберінде Қаржы министрлігі мен ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік органдардың бірыңғай есепке алу және кадрлық есеп платформасы негізінде бюджетке төленетін ақы мен іссапар шығыстарына да жауапты болады.

Бүгінде қай салада да кадр мәселесі-басты назарда. Департамент қызметкерлері бүгінде кез келген қиындықтарды шешіп, жаңа технологияларды меңгеріп, кәсіби тұрғыда жақсы жетістіктерге қол жеткізуде. Қиын және жауапты кезеңдерде департаменттің қызметкерлері жаңа ақпараттық жүйені, меңгеру үшін күні-түні жұмыс жасап, діттеген мақсатқа жету жолында көп еңбек етті. Бүгінгі күні қазынашылық департаментінде өз жұмысына берілген, білікті мамандар жұмыс жасап жатыр. Олар кезінде ақпараттық жүйенің бүгінгі күндегідей нәтижелі жұмыс жасауы үшін дер кезінде бар күш-жігермен қызмет жасады. Сондай-ақ қазынашылық саласының дамуына біздің ардагерлеріміздің де қосқан үлесі зор. Атап айтсақ, олар мемлекеттік қызметті реформалау, меритократия қағидасы негізінде іріктеу-саралау жүйесін енгізу, лайықты жас мамандарды даярлау сияқты жұмыстарға атсалысты. Сонымен қатар департамент қызметкерлері спорт саласына да өз үлестерін қосып, бірқатар спорттық жарыстарға қатысып жүр. Одан бөлек мамандарымыз қайта даярлау және кәсіби біліктілікті арттыру курстарына да қатысып, заң, нормативті-құқықтық актілерді үйрететін техникалық және құқықтық оқуларға барып, өздерінің білімдерін дамытуда.

Бүгінгі күні елімізде қазынашылық жүйесі Президенттің мемлекет қаржысын тиімді басқару туралы тапсырмасына сәйкес қарқынды қызмет жасауда. Алға қойылған міндеттерді біз департаменттегі және аудандық қазынашылық басқармаларының адал, еңбекқор, білікті қызметкерлерінің арқасында ғана жүзеге асыра аламыз. Басты мақсат қызмет сапасын жақсарту.

Б.Шакенов

Ұлытау облысы бойынша қазынашылық департаменті басшысының орынбасары.

О Редактор Шарайна

Проверьте Также

Құмарлықтан жапа шеккендер саны арта түсуде

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев ұлттық құрылтайдың үшінші отырысында лудомания мәселесіне тоқталды. Қауіпті кесел – лудомания, яғни, құмарпаздыққа …

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *