Четверг, 21.11.2024

Заңға бағынатын қоғам – әділетті Қазақстанның негізі

Мемлекет басшысы Қазақстан халқына Жолдауында «Заң және Тәртіп» қағидатын ұстану қоғамның идеологиялық және саяси нұсқаулығына айналуы қажет екенін атап өтті. Бұл жаңа қоғамдық келісімнің іргетасында тұрған маңызды постулат. Барлық азаматтардың заң алдындағы теңдігінің конституциялық қағидаты сақталмаған жерде әділетті мемлекет құру мүмкін емес.

Адамзаттың тарихи дамуының әр кезеңінде заң мен әділеттіліктің байланысы туралы сұраққа өз жауабы болды. Бірақ барлық дерлік елдер мен мәдениеттерге тән бір жалпы түсінік бар, оны келесідей тұжырымдауға болады: «Заң – бұл мемлекет пен қоғам өміріндегі әділеттіліктің көрінісі».

Заңды сақтау – әділеттіліктің негізі. Сонымен бірге әділетті қоғамда заң – теңдік пен тәртіптің кепілі. Құқықтық мемлекеттегі әділеттілік заңмен реттелген барлық әлеуметтік қатынастардың ортақ белгісі болады. Бұл ретте заңның сақталуы жауапкершілікті қабылдауды да білдіреді. Бұдан шығатын қорытынды: азаматтар жанжалдарды заңға сүйене отырып, барлық заңды және ресми арналар арқылы құқық қорғау органдарына жүгіну арқылы құқықтық әдістермен шешуді жөн көреді. Мұндай жағдайды азаматтардың құқықтық мәдениетінің өсуі деп түсінуге болады. Бұл – мемлекет пен қоғамның дамуының оң көрсеткіші.

Қоғамда тәртіп болмаса, ол құлдырайды, яғни, ол елдің келешегі болмайды. Мұны адамдар ежелден-ақ жақсы түсінген. Сондықтан да қоғамда тәртіп орнатудың жолдарын қарастырған.

Қоғамдағы шиеліністі болдырмау, азаматтық құқыққа нұқсан келтірмеу мақсатында әкімшілікқұқықтық шаралар жүйесі жұмыс жасайды.

Қазіргі қолданыстағы заңнамаға сәйкес, қоғамдық тәртіпке және қоғамдық имандылыққа қол сұғатын әкімшілік құқық бұзушылықтар Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 25-тарауында көрініс тапқан ерекше әкімшілік құқық бұзушылықтар тобын құрайды.

Қазіргі заманның талабына сай қалыпты қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету мемлекет қызметтерінің бірі.

Ойымды қазақтың даңқты батыры Бауыржан Момышұлының «Тәртіпсіз ел болмайды, тәртіпке бағынған құл болмайды» деген тамаша сөзімен аяқтағым келеді.

Мергенбай СЕМБЕК,

 «Қаражал қаласы әкімі аппараты» мемлекеттік мекемесінің мемлекеттік-құқықтық жұмыстар бөлімінің басшысы

О Редактор Шарайна

Проверьте Также

Атом энергетикасы

Президент Тоқаев өз жолдауында Қазақстанның экономикасы мен энергетикалық қауіпсіздігін нығайту үшін атом энергетикасының мүмкіндіктерін қарастыру …

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *