Қазақстан Республикасы Президентінің 2023 жылғы Қазақстан халқына Жолдауында халықтың әл-ауқаты мен өмір сүру деңгейін арттыру мақсатында экономиканың тұрақтылығын арттыруға бағытталған жаңа жоспарды әзірлеу қажеттігі басымдық ретінде берілген.
Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев: «Біз қадамымызды саралап, таңдаған жолымызбен алға сенімді қадам басамыз. Біз жаңа Қазақстанда «түрлі көзқарас, бірақ біртұтас ұлт» қағидатын берік ұстануға тиіспіз. Бір-бірімізді жат көрмей, жақын тартып, қоғамда нақты өзгерістерге сенімді орнықтырамыз. Жұртымыздың күш-жігеріне, дарыны мен еңбекқорлығына сүйенеміз. Әр азаматтың өз қабілетін іске асыруына барынша қолайлы жағдай жасаймыз. Біз осылайша ғана халқымыздың жасампаздық әлеуетін арттыра аламыз. Осылай ғана өмірдің барлық саласын өзгертіп, реформалар дәуірін өз қолымызбен жасаймыз. Біз кез келген сын-қатерді бірге еңсеріп, Қазақстанымыздың қуатын бірге арттырамыз деп сенемін» — деді. Жолдауда жарияланған реформалардың жүзеге асуы қоғамның бірлесуі мен тұтастығына байланысты.
Мемлекет басшысы өз Жолдауында қоғамдағы түйткілді мәселелерді айта отыра оны шешудің айрықша жолын көрсетті. Мемлекеттің байлығы ол — адам. Ал адам, толыққанды өмір сүру үшін әрқашанда қолайлы орта қажет. Қолайлы ортаны құруда халыққа барынша жағдай жасау маңызды. Инновацияның жетіспеушілігінен Ұлттық табысты барлық халық көре алмайтындығын айтып, инновацияның дамуына баса назар аудару керектігін ескерді.Мемлекет басшысы Жолдауда алдағы реформалардың бағыт-бағдарын айқындап берді, енді мемлекетімізді және қоғамның барлық саласын жаңғырта түсуге тиіспіз. Алдағы уақытта Реформалардың мазмұны жан-жақты толыға бермек.
Біздің болшағымыз – біздің қолымызда, ал күшіміз – жастардың білімінде!
Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауының жүгі – баршамыздан «бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығарып» іске кірісуді талап етеді. Сондықтан да, бүкіл ел болып Мемлекет басшысының маңайына топтасып, ел игілігі жолындағы берілген тапсырмаларды бірге жүзеге асырайық! Біз – бойымыздағы бар күш-жігерімізді Жолдау тапсырмаларын жүзеге асыруға, бағыттауға дайынбыз!
Айнұр ӘБІЛҚАЙЫРОВА,
Ұлытау ауданының Мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің бас маманы.