Среда, 17.04.2024

Жиһанкез қария елге оралды

Ұлытау облысының орталығы Жезқазған қаласында Қазақстанды жаяу аралаған саяхатшы Сәрсенбай Қотырашевқа құрмет көрсетілді. 72 жастағы ақсақал Жезқазғаннан шығып, елдің шығысымен өтіп, Каспий теңізіне дейін барған. Ол алты ай ішінде 8000 шақырым жол жүріп өткен.
Жезқазған тарихи-археологиялық музейінің көрме залында қазақ халқының ұлттық құндылықтарын, салт-дәстүрі мен қолөнерін танытып, дамуына ықпал ету мақсатында жаяу марафонға шыққан жиһанкез-марафоншы Сәрсенбай Оспанұлымен кездесу өтті. «Қазақмыс» корпорациясының басшылығы Жезқазған қаласының орталығынан 2 бөлмелі пәтер кілтін табыстады. «Ulytaumen» деп аталатын көрмеде Сәрсенбай ақсақалдың 31 наурыз бен 31 қыркүйек аралығында жүріп өткен өңірлерде түскен фотосуреттері көрермен назарына ұсынылды. Ол Ұлытау өлкесінің тарихын насихаттап қана қоймай қолөнер шеберлерінің тізімін ЮНЕСКО-ға өткізіп, сайт арқылы біздің шеберлердің туындыларын шетелдегі көрмелерге қоюды, «Қымыз» мерекесін қайта жаңғыртуды мақсат етті. Жиһанкез қария «Ұлытау» қорық-музейінде сәулет ескерткіштерін қалпына келтіру шебері болып жұмыс істеген. Терісаққан ауылында мешіт, Ұлытау ауылында қажылар үйін тұрғызуға атсалысқан. Марафоншы жүрген жерінде Ұлытау тарихын таныстыра отырып, әр өңірдегі қолөнер шеберлері туралы тың деректерді жинақтапты. Осылайша, Қазақстанның үздік қолөнершілерінің тізімін жасауды қолға алған.
.                 

О Редактор Шарайна

Проверьте Также

Жолдау – ел ертеңінің бастауы

Əр жыл сайын ҚР Президенті Жолдауында өз жаңалықтарымен, құнды ұсыныстарымен еліміздің өркендеуіне, жаңғыруына негіз болатын …

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *