Четверг, 21.11.2024

Жаңа саяси өзгерістермен – жарқын болашаққа

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына арнаған «Жаңа Қазақстан: жаңару мен жаңғыру жолы» атты Жолдауында еліміздің саяси жүйесін кешенді жаңғырту бағдарламасын ұсынатынын мәлімдеген еді.

Қазақстанда бүгінде өткізіліп жатқан саяси реформалар саяси жүйені, сондай-ақ мемлекеттік басқаруды жетілдіруге бағытталған. Осы реформаның нәтижесінде мемлекеттің іс-әрекетке қабілеттілігі нығаяды, сыбайлас жемқорлықтың алдын алу шаралары қолға алынады.
Президент ұсынған еліміздің саяси жүйесін кешенді жаңғырту бағдарламасында зерттеушілер мен қоғам қайраткерлерінің, саяси партиялар мен үкіметтік емес ұйымдардың ұсыныстары мұқият зерделенген. «Бұл бастамалар екі өзекті міндетті шешеді. Біріншіден, қоғамды дәйекті түрде демократияландыруға септігін тигізеді. Екіншіден, мемлекеттің орнықты әрі басқаруға икемді болуын қамтамасыз етеді. Бұл ел ішінде болып жатқан іргелі қоғамдық өзгерістер мен шиеленісе түскен геосаяси тартыс кезінде айрықша маңызды» деген еді Мемлекет басшысы.

Реформаның негізгі бағыты – саяси-әлеуметтік жүйені жаңғырту арқылы әділетті Қазақстанды құру, халықтың әл — ауқатын арттыру, тұрмысы төмен отбасылардың жағдайына көңіл бөліп, мүмкіндігі шектеулі азаматтардың жағдайын жақсарту, шағын және орта бизнесті дамыту, макроэкономикалық жүйені тұрақтандыру, жаңа салық саясатын енгізу.
Әсіресе «Ұлттық қор – балаларға» бағдарламасы Әділетті Қазақстан құру жолындағы аса маңызды бастама болып отыр. Бұл – ел ертеңіне негізделген стратегиялық инвестиция, ұрпақ қамын ойлаған ұтымды бағдарлама.
Осылайша, былтыр Президент сайлауы өтті. Биыл 19 наурызда Мәжіліс және мәслихат депутаттарының сайлауы өтті. Содан кейін Үкімет құрамы жасақталды. Соның нәтижесінде 2023 жылдың ортасында Президент, Парламент, Үкімет сияқты негізгі саяси институттардың бәрі қайта жаңғырып, жаңарып отыр. Елімізде орын алып жатқан саяси өзгерістер — жарқын болашақ құрудың негізгі көзі.

Рымтай ҚАСЫМОВА,
«Ұлытау ауылдық округі әкімі аппараты» ММ бас маманы.

О Редактор Шарайна

Проверьте Также

Подростковые суициды: причины и способы профилактики

По республиканской статистике суицидов среди несовершеннолетних, область Улытау далеко не в лидерах. В 2022 году …

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *