Суббота, 23.11.2024

«Ел дамуындағы маңызды реформалар»

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанның саяси жүйесіндегі елеулі өзгерістерді айқын көрсетіп, оның ел дамуы үшін маңызды реформаларға бағытталғанын растап келеді.

«Біз адам құқығы мен бостандығын қорғау жүйесін кешенді түрде күшейтуге негізделген бағдарымызды жалғастыра береміз. Құқықтық реформа аясында Конституциялық сот қайта құрылады. Оның қаулыларына жедел әрекет ету тетігін енгізу қажет. Сонда азаматтарымыз осы аса маңызды институт қызметінің пайдасын сезіне алады. Жаңа, Әділетті Қазақстанда полицейлердің озбырлығына, біліксіз прокурорлар мен біржақты судьяларға жол берілмейді. Қоғам құқық қорғау және сот жүйесінің шын мәнінде өзгергенін қалайды» деп Президентіміз елімізді дамытудың осы және басқа да мәселелері бойынша нақты шешімдерді биылғы жылы Парламенттің кезекті сессиясының ашылуында айтқан болатын.

Президентіміздің осындай жүйелі реформаларының арқасында Қазақстан халқы тарихи шешім қабылдап, еліміздің құқықтық өміріндегі жасампаз жаңа дәуіріне қадам басып отыр. Содан бері қарай былтырғы жылы Референдум өтіп, тәуелсіздігіміздің тірегіне айналған Конституция — мемлекет пен қоғамда орын алып отырған барлық саяси-экономикалық, әлеуметтік реформалардың ілгері басуына, дамудың қайнар бастауына айналды, бірқатар өзгерістер де енгізілді. Осы уақыт аралығында мемлекет пен қоғамның дамуындағы өзгерістер – Қазақстаннның демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретінде орнығуы Конституция қағидалары негізінде жүзеге асырылып келеді.

Еркегүл Тәттімбекқызы.

Жастар ресурстық орталығының директоры 

О Редактор Шарайна

Проверьте Также

Құқық бұзушылыққа жол жоқ!

Құқық бұзушылықтың алдын алу қоғамның қауіпсіздігі мен тұрақтылығын қамтамасыз етуде маңызды рөл атқарады. Бұл үшін …

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *