Суббота, 20.04.2024

Біз өз таңдауымызды жасауға келдік

Сәтбаев қаласында биылғы сайлау үлкен белсенділікпен өтуде.
Сайлаушылар саяси додаға өздері үкіоеп қосқан үміткерлеріне дауыс беру үшін сайлау учаскелеріне топ-тобымен келіп жатыр. Сондай бір үлкен белсенділікті #5 мектепте орналасқан №281 сайлау учаскесінен көрдік. Таңғы сағат 7.00 де ашылған учаскеге жиырмадан астам адам келіп, өз таңдауларын жасады. Ал, ең алғашқы болып бюллетен алған кісіге дәстүрлі сый-сияпат жасалынды.
Дәл осындай белсенділік біз барған №283 және №282 сайлау учаскелерінде де айқын аңғарылды. Әне бір жылдардағыдай залда бірен-саран сайлаушы ғана емес, дауыс беруге келгендердің қарасы мол.
— Біз өз таңдауымызды жасауға келдік. Биыл үміткерлерден күтер үмітіміз зор. Сайлау әділ өтеді деген сеніміміз де бар, — дейді сайлаушылар.

О Редактор Шарайна

Проверьте Также

Жолдау – ел ертеңінің бастауы

Əр жыл сайын ҚР Президенті Жолдауында өз жаңалықтарымен, құнды ұсыныстарымен еліміздің өркендеуіне, жаңғыруына негіз болатын …

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *