Пятница, 29.03.2024

Ауыл аманаты

«Аманат» партиясының  «Өзгерістер жолы:  Әр азаматқа лайықты өмір»  атты  сайлауалды бағдарламасының  негізгі мақсаты әр тұрғынның өмір сүру сапасын арттыру болса,  сол негізгі мақсатты  жүзеге асыру үшін,  2023  жылдан бастап  ауыл тұрғындарының табыстарын арттыру мақсатында «Ауыл аманаты» жобасын  жүзеге асыруды бастады.

Биыл сәуірде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес «2025 жылға дейін халықтың табысын арттыру бағдарламасы» бекітілді. Ауыл тұрғындарының жылдық мөлшерлемесі 2,5%-ды құрайтын жеңілдетілген несие алуына, кооператив құру және техниканы лизингке ресімдеу кезінде көмек алуына мүмкіндік пайда болады.

Сондай-ақ, «Ауыл аманаты» жобасының аясында 2 346 ауылдық округ әкімі біліктілігін арттырды. Олар маркетингтік талдау жүргізуді, сауатты бизнес-жоспарын әзірлеуді, жобаны қаржыландыру көзін іздеуді және ауыл экономикасын дамытатын болашағы бар бағыттарды анықтауды үйренді.

«Ауыл аманаты» жобасын жүзеге асыру мақсатында бірінші кезеңде  барлық ауылдық округ әкімдерімен семинарлар өткізіліп, енді екінші кезеңде   халыққа түсіндіру мақсатында  ауылды елді мекендердегі тұрғындармен кездесулер өткізілуде.   Осындай  кездесулер 2022 жылдың 8 мен 10  тамызы күндері Ұлытау облысының ауылдары мен Жезқазған қаласына қарасты Кеңгір, Теректі, Талап, Малшыбай ауылдарында  өтті.  Кездесуге келген тұрғындар аталған жобаға үлкен қызығушылық танытып, көптеген сұрақтар қойды.

«Аманат» партиясының  «Ауыл аманаты» жобасының мақсаты:

  • Ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерін жан-жақты қолдау;
  • Ауыл тұрғындарын  агро  бизнеске  барынша  тарту;
  • Азық-түлік қауіпсіздігі және азаматтардың өмір сүру сапасын жақсартуға байланысты мәселелерді шешу.

«Ауыл  аманаты» жобасының артықшылығы:

  • 2,5%-ға дейін жеңілдікпен несие;
  • Ауыл шаруашылық техникасы мен құрылғыларға лизинг;
  • Кооперативке арналған инвестициялық субсидиялар;
  • Ауыл шаруашылығы саласында білікті мамандармен консультациялар.

Қаражат республикалық бюджеттен бөлінеді. Несие әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациялар арқылы ресімделеді. Тұрғындардан келіп түскен өтініштерді ауылдық округ әкімдігі жинап, агентке жолдайды. 7 жылға дейінгі мерзімге берілетін несиенің ең жоғары сомасы – 2500 АЕК (шамамен 8 млн. теңге). Тұрғындар көбінесе, бұл ақшаға мал сатып алады. Кейбіреулері наубайхана сияқты шағын бизнес нысандарын ашады».

Мамандардың айтуынша, кооперацияның барлық қағидатын сақтаған жағдайда, кооператив мүшелері үшін қызмет құны нарықтан әлдеқайда төмен болады. Сонымен қатар, облыс әкімдіктері кәсіби агрономдардың, ветеринарлар мен механизаторлардың, зоотехниктердің кооперативке қатысуын қамтамасыз етеді.

Мобильді топтар еліміздің әр өңіріндегі 394 ауылдық елді мекенге баруды көздеп отыр. Сапар 10 қыркүйекке дейін жалғасады.

 

О Редактор Шарайна

Проверьте Также

Обсудили вопрос питания в детсадах

На заседании отраслевого Совета услуг при РПП области Ұлытау с участием заместителя директора Палаты по …

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *