Понедельник, 25.11.2024

ӘР АДАМ АДАЛДЫҚТАН АТТАМАУЫ КЕРЕК

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың Қазақстан халқына «Әділетті Қазақстанның экономикалық бағдары» атты кезекті Жолдауы өткен жылдары атқарылған, орындалмаған жоспарларды анықтай келіп, алдағы мақсат-міндеттерді нақтылады. Бұл Жолдаудағы бағыт-бағдар халықтың көңілінен шығып, көкейіне қонатынына сенім мол.

 Басты назарда халықтың әл-ауқатын, тұрақты экономикалық өсімді арттыру, орта бизнесті дамыту, индустриялық негіз құру, экспортты ынталандыру, макро экономикалық саясатты қайта жүктеу. Халықтың үніне құлақ асып, жағдайын жақсарту, қазақстандықтардың жайлы өмір сүруіне қол жеткізу – басты мақсаттардың бірі. Әсіресе әдебиет, мәдени өнер, тарихи мұра, туризм салаларына көңіл бөлу сынды тапсырмалары ел мәдениетіне жасалған қамқорлық деп білемін.

Адам құқығын қорғау саласында маңызды қадам жасалғанын айта келіп, әділдік және заң үстемдігін орнату үшін шешуші жұмыстар жүргізу керектігін айтты. Қоғамның саяси мәдениеті жаңа сипатқа ие бола бастады.

Басты міндеттердің бірі – елімізде мықты өнеркәсіпті қалыптастыру және экономикамыз өзімізді толық қамтамасыз ете алатын жағдайға жеткізу. Өндірісімізді өңдеу саласын жедел дамытуға баса мән беруіміз қажет деді. Еліміз үшін айрықша мәні бар бірқатар жобалар жүзеге асырылуда. Өнеркәсіп саясаты арқылы осылайша жаңаша даму үлгісіне көшпек.

Елімізде кәсіпкерлерді қолдау бағытында жақсы жұмыстар атқарылуда. Мемлекет басшысы балалар мен жастарды жаңа заманға бейімдеу мәселесіне айрықша мән берді. Жастарға жан-жақты қолдау көрсету – мемлекетттің басты міндеттерінің бірі екенін айтты. Еңбекпен қамту, жұмысқа орналастыру, жастардың кәсіпкерлік бастамаларын қолдау жалғаса беретінін 2,5 пайызбен шағын несие берілетінін, әділетті болуына ықпал ететінін айтып өтті.

Мемлекет басшысы платформалық жұмыспен қамту жүйесіне қызығушылық артқанына мән берді. Сол санаттағы азаматтардың еңбек құқықтарын қорғаудың нақты тәсілдерін әзірлеп, платформалық жұмыспен қамту мәселесін түгел реттеу қажет екенін баса айтты. Осы салада жүргендер үшін ғана емес, бүкіл қазақстандықтар үшін маңызды мәселе.

Бүгінде бастамалардың басым көпшілігі жүзеге асты. Жұмыстардың әлі де жалғасып жатқандары көп. Денсаулық сақтау саласы қызметкерлерінің айлығы да айтарлықтай көбейді. Жұртқа зейнетақы жинағының бір бөлігін пайдалану мүмкіндігі берілді. Миллиондаған адам осы жобаның игілігін көрді. Ауылдық жерлерде 300-ден астам денсаулық сақтау нысаны салынып жатыр. «Ұлттық қор балаларға» жобасы қолға алынды. Биылғы жылдан бастап балалардың есеп шотына қаражат түсе бастады. Бұл жоба да жалғасын таба береді деген сенім жоғары. 2020 жылдан бері мұғалімдердің жалақысын екі есеге дейін өсірді. Жалпы білім мен ғылым саласын үлкен жобада қаржыландырып, ерекше көңіл бөлуде. Жайлы мектеп жобасы аясында 400-ге жуық мектеп ашылады.

Ауылдық жерлердегі жайылым мәселесі де шешімін таба бастаған сыңайлы. Оның айғағы 8 миллион гектар жер мемлекет меншігіне қайтарылды. Қарапайым халық осы жер рызығын адал көрсе екен дейсің. Экономикалық тұрақтылығымыздың кепілі саналатын ішкі жалпы өнім мөлшері артып келеді.

Қазіргі ең басты міндет – экономикамыз өзімізді толық қамтамасыз ете алатын жағдайға жетуді ел басшысы нақты мәселе етіп күн тәртібіне шығарды. Сондықтан да өңдеу саласын жедел дамытуға баса мән берілуі қажет. Яғни экономиканы әртараптандырудың маңызы – жоғары міндет.

Осы Жолдауда «Адал азамат» тұжырымдамасы айрықша мәнге ие. «Адал азамат» ұлы хәкім Абайдың «Толық адам» ілімімен үндестік тауып тұрған ұлағатты ұғым. «Адал азамат» тұжырымдамасы іске асу үшін қоғамдық сана, біздің қоғамдағы азаматтардың ниеті өзгеруі керек. Әрбір адам ар-ұят, адалдықтан аттамауы керек.

 

Береке КӨШЕНОВ,

ҚР еңбек сіңірген әртісі,

Жезқазған қаласының Құрметті азаматы.

О Редактор Шарайна

Проверьте Также

Атом энергетикасы

Президент Тоқаев өз жолдауында Қазақстанның экономикасы мен энергетикалық қауіпсіздігін нығайту үшін атом энергетикасының мүмкіндіктерін қарастыру …

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *