Понедельник, 9.12.2024

Ұлытау облысы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит департаменті камералдық бақылау бөлімінің 2024 жылғы 1 тоқсандағы қызметінің қорытындылары

«Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау туралы» ҚР Заңымен қарастырылған функцияларын орындау аясында, Ұлытау облысы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит департаменті (бұдан әрі — Департамент) мемлекеттік сатып алу веб-порталы арқылы алынған мәліметтерді салыстыру жолымен, мемлекеттік аудит объектісіне шықпай камералдық бақылауды жүзеге асырады.

Камералдық бақылаудың мақсаты бұзушылықтарды болдырмау және уақытында оның алдын алу, сонымен қатар мемлекеттік аудит объектісіне бұзушылықтарды өз бетінше жоюға мүмкіндік беру болып табылады.

Мәселен, Департамент а.ж. 1 тоқсандағы қамтылуға жататын 2682 лоттың жалпы сомасы 75,4 млрд. теңге, 2642 лоты (немесе қамтуға жататын лоттардың жалпы санының 98,5%) жалпы сомасы 57,9 млрд. теңгеге камералдық бақылаумен қамтылып, оның 543 лоты бойынша сомасы 13,7 млрд. теңгеге бұзушылықтар (немесе қамтылған лоттардың жалпы санының 20,5%) анықталды.

Есепті кезеңде 532 хабарлама орындалды (немесе жіберілген хабарламалардың жалпы санының 97,9%), оның ішінде 11 хабарлама бойынша орындау мерзімі басталмады, ал орындау мерзімі өткен хабарламалар бойынша Департамент камералдық бақылаудың тиісті ден қою шараларын қабылдады.

Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау туралы» Заңының 30-бабы 4-тармағы 2, 3)-тармақшаларына сәйкес, камералдық бақылаудың ден қою шаралары: осы Заңның 32-бабында және Қазақстан Республикасының басқа да заңнамалық актілерінде белгіленген тәртіппен мемлекеттік аудит объектілерінің бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органда ашылған кодтары мен шоттары, сондай-ақ банк шоттары бойынша (корреспонденттік шоттарды қоспағанда) барлық шығыс операцияларын тоқтата тұру.

Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңнамасында көзделген құзырет шегінде әкімшілік іс жүргізуді қозғау болып табылады.

Мәселен, Департамент хабарламаны тиісінше және уақтылы орындамағаны үшін ағымдағы жылы мемлекеттік аудит объектілерінің кодтары мен шоттары бойынша 10 шығыс операцияларын тоқтатты, бүгінгі күні 4 аудит объектілері бойынша хабарламаның тиісінше орындалуына байланысты мемлекеттік аудит объектілерінің кодтары мен шоттары бойынша шығыс операцияларын қайта жаңартылды.

Сондай-ақ, хабарламаны тиісінше және уақтылы орындамағаны үшін құзыреті шегінде 10 әкімшілік іс қозғалып, салынған және өндіріп алынған айыппұлдардың жалпы сомасы 553,8 мың теңгені құрады.

О Редактор Шарайна

Проверьте Также

Бұл жолдаудан күтеріміз көп

«Қазіргі ең басты міндет – еліміздің мықты өнеркәсіптік негізін қалыптастыру және экономикамыз өзімізді толық қамтамасыз …

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *