Понедельник, 16.06.2025

Ұлттық өнердің рухын сіңірген  

 

Ш.Ділдебаев атындағы Кеншілер сарайы жанындағы «Домбырамен ән айту және терме» үйірмесінің оқушылары халықаралық деңгейде өткен «Lucky Stars» өнер байқауында жоғары нәтижеге қол жеткізді. Өнерлі өрендер байқаудың басты марапаты — бас жүлдені жеңіп алып, Өзбекстанның астанасы Ташкент қаласында өтетін халықаралық фестивальге жолдама алды.

Аталған үйірме – халқымыздың ғасырлар бойы қалыптасқан музыкалық мұрасын насихаттауға, жас буынға ұлттық өнердің қадір-қасиетін ұғындыруға бағытталған шығармашылық орталық. Мұнда тәрбиеленушілер терме, халық әндерін нақышына келтіріп орындауды үйреніп, сахналық мәдениетті меңгереді. Балалар тек шеберлігін арттырып қана қоймай, ұлттық өнердің рухын бойына сіңіреді.

Бұл — бір күннің емес, бірнеше айлық еңбектің нәтижесі. Шәкірттерімнің табандылығы, өнерге деген сүйіспеншілігі үлкен жетістіктерге жетелеуде. Бұл жас өнерпаздардың болашақ шығармашылық жолында жаңа мүмкіндіктерге жол ашады. Тәжірибе алмасуға, өз өнерін халықаралық сахнада көрсетуге мүмкіндік береді, — деген үйірме жетекшісі Ербол Әлқожин Жезқазған музыка колледжінің түлегі. ҚР халық әртісі Ғалым Мұхамединнің шәкірті. Астанадағы Қазақ Ұлттық өнер университетінде білімін тереңдеткен жас жігіт Жезқазған музыка колледжінде бірнеше жыл дәріс оқыды. 2022 жылдан бастап кеншілер сарайында дәстүрлі әнші ретінде өнер көрсетіп, үйірме ашып, жүзге жуық шәкірт тәрбиеледі. Бүгінде олар түрлі байқауларда топ жаруда.

«Lucky Stars» – жас таланттарды қолдап, халықаралық деңгейде танытуға бағытталған беделді өнер додасы. Оған Қазақстаннан бөлек, көршілес елдердің де дарынды ұл-қыздары қатысып, өз өнерін ортаға салды. Сәтбаевтық домбырашылардың орындауындағы халық әндері мен термелер қазылар алқасы мен көрермендердің ерекше ықыласына бөленді.

Олай болса, жас өнерпаздардың биік белестерді бағындыра беруіне тілектеспіз. Қазақтың байырғы дәстүрлі ән өнерін ұлықтап, ұрпақ санасына сіңіру жолында аянбай еңбек етіп жүрген, ұлттық мәдениеттің шынайы жанашыры, дауылпаз әнші Ербол Әлқожинді шын жүректен құттықтаймыз. Жемісті де жеңісті күндер көп болғай. Өнер өрге жүзсін!

О Редактор Шарайна

Проверьте Также

Ощутимая помощь фермерам от государства

Отличная новость от управления сельского хозяйства и земельных отношений области Ұлытау: в нашем регионе продолжается …

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *