Суббота, 23.11.2024

Қаржылық ақпараттың сапасын жақсартпақ

 Жезқазған қаласындағы «Халық Life» АҚ филиалы Ұлттық валюта күніне орай журналистерді арнайы марапаттау рәсімін өткізді. Шараға БАҚ өкілдері мен қаржы саласының мамандары қатысты.

Олардың қатарында «Халық банкі» АҚ Ұлытау облыстық филиалының директоры Алмат Қорабаев, шағын және орта бизнес бойынша директордың орынбасары Руслан Аршкенов, «Халық Life» сақтандыру компаниясының Жезқазған филиалының директоры Алма Байшуақова бар. Марапаттау рәсімі Қазақстанның ұлттық валютасы – теңгенің маңыздылығын насихаттау және қоғамды қаржылық сауаттылыққа ынталандыру мақсатында ұйымдастырылды. Бұл күні журналистер қаржы тақырыбындағы мақалалары мен зерттеулері үшін Алғыс хаттар, бағалы сыйлықтармен марапатталды. Компания өкілдері журналистердің қаржылық сауаттылықты арттырудағы рөліне ерекше тоқталып, олардың қоғамға маңызды ақпарат жеткізудегі кәсіби еңбегін жоғары бағалады. Сонымен қатар, шара барысында «Халық Life» компаниясының қызметтері мен жетістіктері таныстырылып, қаржы жүйесінің дамуындағы жаңа мүмкіндіктер талқыланды. Іс-шара аясында журналистер мен қаржы мамандары арасында диалог ұйымдастырылып, болашақ ынтымақтастықтың негізгі бағыттары белгіленді. Қатысушылар ақпараттық қолдаудың маңыздылығын атап өтіп, қаржы тақырыбындағы материалдардың сапасын арттыру жөнінде пікір алмасты. Бұл шара жергілікті БАҚ пен қаржы ұйымдары арасындағы қарым-қатынасты нығайтып, аймақтағы қаржылық ақпараттың сапасын жақсартуға ықпал етпек.

О Редактор Шарайна

Проверьте Также

Құқық бұзушылыққа жол жоқ!

Құқық бұзушылықтың алдын алу қоғамның қауіпсіздігі мен тұрақтылығын қамтамасыз етуде маңызды рөл атқарады. Бұл үшін …

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *