Пятница, 22.11.2024

Түркі елінің туризмін дамыту — ортақ міндет

Түркі мемлекеттеріндегі PR және маркетинг құралдарын тиімді пайдалану арқылы туризм секторының дамуына ықпал ету туралы қаузалған маңызды бөлімде медиа және туризм мамандары мемлекеттік және жекеменшік құрылымдардың туристік PR-ды дамытудағы рөлін нақтылау, туристік маркетинг саласындағы мамандарды оқыту және кәсіби білігін арттыру, жобалар мен бағдарламаларды қаржыландыруға тоқталды.

Сондай-ақ түркі әлемінде туризмді дамытудың бірлескен стратегиясын әзірлеу мен туристік маркетинг саласындағы мамандар арасында байланыс желісін құруға айырықша ден қою туралы ойларымен бөлісті. Қатысушылар тәжірибелі мамандардан түркі елдеріндегі туризм секторының әлеуеті туралы ақпараттандыруды күшейту мен инфрақұрылымды дамытуға инвестициялар тартудың жолдарынан құлағдар болды.

Баяндамашылар қос салада да стандарттау және сапаға мұқият болу туралы айтты.Туризмдегі пиар саласындағы ортақ стандарттар. Әмбебап PR стратегияларын әртүрлі түркі мәдениеттерінің ерекшеліктеріне сәйкестендіріп бейімдеудегі қиындықтар. Туристік өнімді жасау және оларды танытуда мәдени нюанстарға дұрыс көңіл бөлмеу. Түркі елдеріне қатысты стереотиптер мен жаңсақ пікірлердің туризм мен пиарға кері әсері жайындағы ой-пікірлерін ортаға салды.

 

О Редактор Шарайна

Проверьте Также

Құқық бұзушылыққа жол жоқ!

Құқық бұзушылықтың алдын алу қоғамның қауіпсіздігі мен тұрақтылығын қамтамасыз етуде маңызды рөл атқарады. Бұл үшін …

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *