Воскресенье, 24.11.2024

Президент Жолдауы — тұрақтылықтың кепілі

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың биылғы Жолдауындағы бастамалары, оның бұған дейінгі Жолдауларынан және сайлау алдындағы бағдарламасынан бастау алған реформаларды одан әрі дамытуға арналды. Мемлекет басшысы өз сөзінде азаматтардың тұрмысын жақсартуды көздейтін жүйелі экономикалық өзгерістерге баса назар аударды.

Президент Жолдауында қаржының тапшылығынан туындайтын мәселелерді шешудің бірден-бір жолы – шетелдік, отандық инвесторларды ынталандыру екенін айтып, сол арқылы ғана экономикамызды көтеруге болатынын жеткізді. Құқық қорғау саласындағы азаматтарға да нақты тапсырмалар беріп, соның ішінде инвесторлардың келуіне тосқауыл қойылмау керектігін баса айтты.
Сонымен қатар, әлеуметтік салаға, әсіресе, балаларды қорғау ісіне айрықша көңіл бөлінді. Ұлттық қордан балалардың есепшотына қаржы аударуға қатысты заң қабылданды. Балаларды құмар ойынға тартқандар әкімшілік заң бойынша жазаға тартылатын болды. Кәмелетке толмаған балаларға зорлық-зомбылық көрсеткені үшін берілетін жаза қатаңдады. Балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге, әйелдер мен балаларға қатысты қылмыстың алдын алуға арналған заң қабылданды.
Жолдауда айтылған халықтың әл-ауқатын көтерудегі маңызды бағыт орта тапты қалыптастыру – тұрақтылықтың кепілі болатындығына сенім мол.

Ұлан Дүкенбаев,
Қаражал қаласы «Балалар өнер
мектебі» КМҚК директорының
міндетін атқарушы.

О Редактор Шарайна

Проверьте Также

Атом энергетикасы

Президент Тоқаев өз жолдауында Қазақстанның экономикасы мен энергетикалық қауіпсіздігін нығайту үшін атом энергетикасының мүмкіндіктерін қарастыру …

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *