Воскресенье, 8.12.2024

Президент Жолдауы — кемел келешек кепілі

Мемлекет басшысының қай Жолдауы болмасын елдің егемендігін, жеріміздің тұтастығын сақтауды, елдің экономикасының дамуы арқылы халықтың әлеуметтік жағдайын жақсартуды көздейді. Талдап қарасаңыз, Жолдауда ең көп қолданылған экономика-68, мемлекет-42, заң-23, халық-22, бизнес-18 сөздері.
Басты бағыт экономиканы дамытудың жоба-жоспары болғандықтан экономика сөзінің Жолдауда көп кездесуі заңды.Экономика сөзінен кейін кездесетін мемлекет, заң, халық, бизнес сөздері Жолдаудағы қойылған мақсаттарға сай рет-ретімен қажеттілігіне сай орын алған. Кедергілерді жою үшін заңдарға өзгерістер енгізу, экономиканы дамытуды Мемлекет-Бизнес-Халық үштағаны бірлесе жүйелі түрде әрекет жасағанда ғана межеге жетеміз дегенді білдіреді. Жолдау нақты көрсеткіштерге, экономиканың тұрақты өсімін 6-7 пайызға жеткізуге, 2029 жылға дейін ұлттық экономиканың көлемін 2 есеге жеткізуге негізделген.
Жолдауда айтылған басты міндет – өз елімізде өндіріс пен өнеркәсіпті дамыту арқылы экономикамызды көтеру, табысты арттырып, халықтың әл ауқатын жақсарту. Мемлекет басшысының Жолдауда Абайдың «Толық адам» ілімінен тарқайтын «Адал азамат» тұжырымдамасын халықтың алдына тартып, адалдық жоқ жерде әділдік болмайды деуі қоғамдық сананы өзгертуге бағытталған.
Жолдаудың кілтті сөздері Мемлекет-Бизнес- Халық. Үштағаны мықты елдің саяси-экономикалық әлеуеті де жақсарады. Мемлекет бизнесті қолдаса, пен халық пен мемлекет арасындағы алшақтық азайса, ел сұранысына жауап беру, қоғамның қолдауына ие болу деген осы.

Кемалов ЗЕЙТКАЗЫ,
Ақтау ауылдық округінің қоғам белсендісі, зейнеткер

О Редактор Шарайна

Проверьте Также

Атом энергетикасы

Президент Тоқаев өз жолдауында Қазақстанның экономикасы мен энергетикалық қауіпсіздігін нығайту үшін атом энергетикасының мүмкіндіктерін қарастыру …

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *