Облыстық прокуратура жалғасып жатқан алаяқтық фактілері туралы хабарлайды.
Полиция органдарына кеше 50 жастағы Сәтбаев қаласының тұрғыны хабарласып, әлеуметтік желідегі жарнамаға сеніп, екі рет алаяқтардың құрбаны болғанын айтқан.
Бірінші ол белгісіз әйелге құмар ойындарында (winline.kz) жеңе алатынына сеніп, алданған. Кейін ұтып алған ақшаны алу мақсатында, «TrustWallet», «OKХ» мобильдік қосымшаларын жүктеп алып, бейтаныс адамға тағы да сенген.
Бейтаныс адамға сеніп оның нұсқауларын орындап, Сәтбаев қаласының тұрғыны жалпы 15 миллион теңгеден астам сомаға алданып қалған.
Құрметті облыс тұрғындары, сақ болыңыздар, өздеріңізді алаяқтардан қорғаңыздар, жеке ақпаратты, төлем картасының нөмірлерін, кодтар мен құпия сөздерді бермеңіздер, тексерілмеген қосымшаларды орнатпаңыздар.
Тегиалаяқ облыстық прокуратура Сәтбаев
Проверьте Также
Подростковые суициды: причины и способы профилактики
По республиканской статистике суицидов среди несовершеннолетних, область Улытау далеко не в лидерах. В 2022 году …