Суббота, 17.05.2025

Жезқазған тұрғыны алаяқтардың құрбаны болды

Жезқазған қаласының 40 жастағы тұрғыны телефон арқылы жасалған алаяқтықтың құрбаны болып, 10 482 000 теңге көлемінде қаржылай шығынға ұшырады.

Оқиға келесідей өрбіген: белгісіз біреу жәбірленушіге телефон шалып, өзін «Қазпочта» қызметкері ретінде таныстырып, үйіне жеткізілетін тапсырыс туралы хабарлаған. Ешқандай тапсырыс бермегеніне қарамастан, жәбірленуші алаяқтың сөзіне сеніп, оған келген СМС хабарламасындағы құпия кодты айтып берген.

Бірнеше минуттан кейін өзін «Ұлттық банк» қызметкері ретінде таныстырған белгісіз біреу қоңырау шалып, алаяқтардың оның атына несие рәсімдегенін хабарлаған. Содан соң ол есепшотындағы ақшаны сақтап қалу үшін түрлі банк есепшоттарына ақша аудару керектігін айтқан. Нәтижесінде, жәбірленуші жалпы сомасы 10 482 000 теңгені құрайтын ақшасын алаяқтарға аударып берген.

Қазіргі уақытта полиция қызметкерлері аталған факті бойынша тергеу амалдарын жүргізіп жатыр.

Полиция азаматтарды телефон арқылы түскен күдікті қоңырауларға сенбеуге және ешбір жағдайда үшінші тұлғаларға құпия ақпараттарды, соның ішінде СМС кодтарын айтпауға шақырады. Егер сізге күдікті қоңырау түссе, дереу байланысты үзіп, құқық қорғау органдарына хабарласыңыз.

О Редактор Шарайна

Проверьте Также

Ұлттық өнердің рухын сіңірген  

  Ш.Ділдебаев атындағы Кеншілер сарайы жанындағы «Домбырамен ән айту және терме» үйірмесінің оқушылары халықаралық деңгейде …

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *