Понедельник, 9.12.2024

Жасанды интеллектіні тиімді қолданудың тәсілі айтылды

Халықаралық медиа форумға келген қонақтар БАҚ өкілдері үшін ерекше маңызға ие екенін жеткізді. Мұндай кездесулер медиа және туризм саласы мамандарынң кәсіби біліктілігін арттырып қана қоймай, мәдени байланыстарды нығайтуға да ықпал етеді. Ерекше айтып өту керек, бүгінде бір ғана қордың бастамасымен өтіп жатқан шаралар түркітілдес елдер журналистерінің тәжірибе алмасуына, өзекті мәселелерді бірге талқылауға және жаңа медиа трендтермен танысуға септігін тигізіп келеді. Форум – тек ақпарат алмасу ғана емес, сондай-ақ журналистер арасындағы ынтымақтастықты күшейтіп, ортақ құндылықтарды насихаттаудың да ортақ алаңы.Бұл — түркітілдес журналистер қоры қазақ тілді журналистиканың дамуына зор үлес қосып, ақпараттық кеңістіктегі өзара байланысты нығайтып жатқанының бір дәлелі.Осы он жыл ішінде ТТЖҚ бірлігі жарасқан журналистер қауымдастығы ретінде түркі әлеміне тән тарихи құндылықтарды дәріптеп, халықтар арасындағы мәдени және ақпараттық көпірдің рөлін атқарып келеді. Қор жүргізген әрбір жоба, бастама ұлттарды бір-біріне жақындатып, өзара түсіністікті, бауырластықты арттыруға мүдделі болып отыр.

«АҚПАРАТТЫ ТҰТЫНУДЫҢ БОЛАШАҒЫ: ЖАСАНДЫ ИНТЕЛЛЕКТ, ЖАҢА ФОРМАТТАР»  тақырыбында сөз сөйлеген спикерлер жасанды интеллектіге жұтылуды емес, заманның ағымына сай басқарудың маңыздылығына тоқталды.Мұнда қатысушылар ақпаратты тұтыну әдетінің өзгеруі және болашағына тоқталып, жасанды интеллект пен жаңа форматтарға назар аударудың маңыздылығын сөз етті. Бүгінде ақпаратты тұтыну әдеті өте тез өзгеріп жатқаны белгілі. Бұл орайда әлеуметтік желілер, қысқа видеолар, аудиоформаттар сияқты жаңа технологиялардың пайда болуы адамдардың ақпаратқа деген қажеттілігін және оны қабылдау тәсілін түбегейлі өзгертіп жатыр. Бұл жаңа жағдайда медиа компанияларына жаңа форматтар мен платформаларға бейімделу, контентті монетизациялау және жасанды интеллект сияқты құралдарды тиімді пайдалану сынды үлкен міндеттер жүктеледі. «Жасанды интеллект журналистика саласында қандай мүмкіндіктер ашады? VR/AR технологиялары қандай салаларда қолданылады? Контентті монетизациялаудың жаңа әдістері қандай? Әлеуметтік желілердің адамдардың психологиясына әсері қандай?» деген сауалдарға жауап іздегендер спикерлердің бұл саладағы жаңа ақпараттын естіп-біліп қана қоймай, күнделікті тәжірибеде қолданудың тың тәсілдері туралы тыңдады.

 

О Редактор Шарайна

Проверьте Также

Құмарлықтан жапа шеккендер саны арта түсуде

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев ұлттық құрылтайдың үшінші отырысында лудомания мәселесіне тоқталды. Қауіпті кесел – лудомания, яғни, құмарпаздыққа …

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *