Понедельник, 9.12.2024

Есікте Жібек жолы археологиялық бірлескен зерттеу орталығының филиалы ашылды

Жақында «Есік» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығында ҚХР Шәнси провинциясы, Сиань қаласында  құрылған Жібек жолы археологиясы бойынша әріптестік ғылыми-зерттеу орталығының  Орталық Азия аясындағы  алғашқы филиалы Қазақстанда, оның ішінде «Есік» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығында ашылды.

«Жібек жолы археологиялық бірлескен зерттеу орталығының Есік филиалының» мақсаты — халықаралық ынтымақтастық аясында Жібек жолы бойындағы археологиялық және тарихи-мәдени мұра ескерткіштерін зерттеу, сақтау, насихаттау, кейінгі ұрпаққа тапсыру. Өзара бірлескен археологиялық экспедициялар ұйымдастыру, мамандар дайындау, тәжірибе алмасу.

«Есік» музей-қорығы құрылған күннен бірнеше шетел мемлекеттерімен тығыз әріптестік қарым-қатынас орнатқан. Соның бірі  ҚХР Шәнси провинциясы Сиань қаласындағы Шәнси археологиялық институтымен  Халықаралық  Стратегиялық «Бір белдеу, бір жол»  бағдарламасы аясында келісім-шартқа отырып, 2017 жылдан бастап бірлескен ғылыми-археологиялық зерттеу жұмыстарын жүзеге асырып келеді.

Филалдың ресми ашылуына Орталықтың басшысы, профессор Жао Роң (Zhao Rong) мырза бастаған делегация өкілдері арнайы келді. Іс шара барысында Орталық пен музей-қорық арасында келісім-шартқа  қол қойылып, филиал куәлігі тапсырылды.

Қазақстан тарапынан филиал директор ретінде Гүлмира Мұхтарова, ҚХР тарапынан профессор Дин Ян тағайындалды.

Шара аясында Мәдениет және ақпарат министрлігінің өкілдері, музейтану, археология саласының мамандары, жергілікті атқарушы орган өкілдерінің қатысуымен дөңгелек үстел ұйымдастырылып, филалдың алдағы уақыттағы жоспары талқыланып,  қонақтар өз пікірлерін ортаға салды.

         

О Редактор Шарайна

Проверьте Также

Құмарлықтан жапа шеккендер саны арта түсуде

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев ұлттық құрылтайдың үшінші отырысында лудомания мәселесіне тоқталды. Қауіпті кесел – лудомания, яғни, құмарпаздыққа …

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *