Суббота, 23.11.2024

АЭС: Батыл шешім

Егер атом электр станциясын салу мәселесі референдумда қолдау тапса, АЭС қуаты Қазақстанға қандай артықшылықтар бере алады?

Елімізде атом энергетикасын дамытуға қатысты негізгі аргументтерге тоқталсақ. Біріншісі – электр энергиясына деген тапшылықты еңсеру.

Біз электр қуатының тапшылығына тап болдық. Қазір электр энергиясы бойынша тәуелділікті жылына шамамен 60 млрд теңгеге бағалап отырмын. Тапшылықтың негізгі кезеңі екі жыл бұрын байқалған. Алдағы уақытта бұл көрсеткіш арта түседі. Қазірдің өзінде импорттық электр энергиясының бағасы біздегіден үш есе қымбат. Әрине, бір атом электр станциясы бұл мәселені толық шешпейді, бірақ атом энергетикасын дамытуға серпін береді.

Екіншісі – көміртегі бейтараптығына қол жеткізу. Сарапшы Қазақстан 2060 жылға қарай көміртегі бейтараптығына қол жеткізу бойынша халықаралық міндеттемелерге қол қойғанын еске салды. Оның пікірінше, бұл мақсаттарға атом электр станцияларынсыз қол жеткізу мүмкін емес.

Қазіргі кезде Қазақстанның энергетикалық балансының құрылымында көмір генерациясы 70 пайыздан астам. Мен жаңартылатын энергия көздерін көбейтуді қолдаймын, бірақ тек жаңартылатын энергия көздері арқылы көміртегі бейтараптығына қол жеткізе алмаймыз.

Сонымен қатар үшінші аргумент ретінде АЭС құрылысының экономикалық тиімділігін айтуға болады.

Атом электр станцияларынан тиімді ештеңе жоқ. Электр станциясы 80 жылдай уақыт жұмыс істейді, яғни бұл кезеңдегі өзін-өзі ақтауға 20 жыл ғана мерзім керек. Қалған 60 жыл бойы ол 90% тиімділікпен жұмысын жалғастырады.

Жаңартылатын энергия көздерінің жұмыс істеу мерзімі қысқарақ – шамамен 25 жыл, ал бұл уақыттың жартысы станция шығындарын ақтауға жұмсалады. Қазақстандағы мұндай станциялардың тиімділігі 40 пайыздан аспайды.

Бұдан бөлек АЭС-тің пайдасына экологиялық аспектіні жатқызамыз.

Баршамыз көмірмен энергия өндіретін станциялардың мұржасынан күнделікті шығып жатқан түтінді көріп жүрміз. Олар қоршаған ортаға күл мен шаң шашып, ластап отыр. Көмір шаңы да қауіпті екенін білуіміз керек.

Бұған дейін NNWI Central Asia Kazakhstan консультативтік кеңесінің төрағасы Бауыржан Ыбыраев алдағы жылдары қаржы институттары атом энергиясын қолдауға қомақты қаражат бөле бастайтынын айтты.

 

Заман Әмина,

Жастар ресурстық орталығы маманы

 

О Редактор Шарайна

Проверьте Также

Құқық бұзушылыққа жол жоқ!

Құқық бұзушылықтың алдын алу қоғамның қауіпсіздігі мен тұрақтылығын қамтамасыз етуде маңызды рөл атқарады. Бұл үшін …

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *