Пятница, 22.11.2024

Ізгіліктің шуағын сепкен

Танымал имам, теолог, психолог Нұрлан Асанов жұмыс сапарымен Ұлытау облысына келді. Көпшілікке әлеуметтік желі арқылы танылған дінтанушы Сәтбаев қаласына да атбасын бұрып, заманауи уағыздарымен көпшіліктің жүрегінен орын алды.
Ш.Ділдебаев атындағы кеншілер сарайына ағылған жұрт залды лық толтырды. Дені жастар. Бәрінің ойы үнемі көңілді жүретін рухани ұстазбен кездесу, реті келсе тілдесіп, болмаса бір суретке түсіп қалу. Жастар назарын қалай аудартуды жақсы білетін Нұрлан Байжігітұлы сахна төріне шыға сала қошеметке бөленді. Адасқандардың, қиналып, тура жол таба алмай жүргендердің жүрегіне ізгілік шуағын сеуіп, үмітін жалғап, жақсылығын жақсылыққа ұластыруды мұрат тұтқан имам әңгімесін отбасы құндылығынан бастады. Рухани құндылықтарымыздың негізін отбасылық дәстүрмен байланыстырып, мәселенің күнтәртібінен түспеуін, қоғамның, заңның өзгеруіне қатысты дамытып отыру қажеттігіне тоқталды. Ажырасуға алып келетін төмен тұрмыстық жағдай, баспананың жоқтығы, жұмыссыз қалу, жалақының мардымсыздығы секілді проблемаларды бірлесіп шешудің, тығырықтан шығудың жолын ұғындырды. Нұрлан Байжігітұлы көпшілікті толғандырған сауалдарға жауап берді. Орамды ойларын ортаға салды. Өмірдегі қиындықтарға қарамастан иманға бет бұруға шақырды. Кейбір әзілкештерге бұралқы сөзбен жауап беріп, қалжыңдап та алды. Қоғамды бұзып, адамдардың қатынасына кедергі келтіретін басты жайттарды атап айтып, ортаға іріткі салатын нәрселерге де тоқталды.
Облыстық дін істері басқармасы ұйымдастырған келелі кездесуден кейін әр адамға рухани күш сыйлаған Нұрлан Байжігітұлын Сәтбаев жұрты қаумалап, біразға дейін жібермеді. Қимай қоштасып, алғыс жаудырып шығарып салды.
Мақаланың толық нұсқасы «Шарайна» гезітінің №32 санында.

О Редактор Шарайна

Проверьте Также

Подростковые суициды: причины и способы профилактики

По республиканской статистике суицидов среди несовершеннолетних, область Улытау далеко не в лидерах. В 2022 году …

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *